KZ RU
Партияның ресми сайты

Қазақстандықтардың басым көпшілігінің мүддесін білдіретін социал-демократиялық бағыттағы саяси күш

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығынан бір мандатты сайлау округтері бойынша ҚХП-нан үміткерлер
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығынан бір мандатты сайлау округтері бойынша ҚХП-нан үміткерлер
Аты-жөні
Өңір
Округ
1
ИСАЕВ Рустам Мұратұлы
Астана қ.
№2
2
БӘДИГҮЛ
Алматы қ.
№3
3
АМАНЖОЛОВ Нұрали Хамрақұлұлы
Алматы қ.
№5
4
НАРГОЗИЕВ Ильяс Жұмабекұлы
Шымкент қ. г. Шымкент
№6
5
КҰРЫМБАЕВ Надир Шамұратұлы
БҚО
№14
6
ӘЛІПБЕРГЕНОВ Махмұт Қасланұлы
Қарағанды облысы
№18
7
ЖҮНІСОВ Зағит Нығметжанұлы
Қарағанды облысы
№19
8
НОСИК Вячеслав Иванович
Павлодар облысы
№23
9
ХАРБЕДИЯ Омари Омианович
СҚО
№24
10
БОТБАЙ Оралбек Қожамжарұлы
Түркістан облысы
№26
11
ЖҮНІСОВ Бақытжан Құлбайұлы
Түркістан облысы
№27
12
КАЛЕНОВА Аксана Александровна
ШҚО
№29
13
САПАРОВ Нұржан Рақымжанұлы
Ұлытау облысы
№28
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығынан бір мандатты сайлау округтері бойынша ҚХП-нан үміткерлер
Аты-жөні
Өңір
Округ
1

БІЗДІҢ МАҚСАТ:

Ел байлығы Қазақстан халқына тиесілі болатын әділетті қоғам құру!

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
«ЕЛ ҮШІН! ЖЕР ҮШІН! БИЛІК – ХАЛЫҚҚА!»

Толығырақ

Құрметті сайлаушылар!

Қазақстанда қалыптасқан капитализм жүйесінің әлпетін түбегейлі өзгерту қажет.

Ел байлығының үлкен бөлігін олигархтар иемденіп алған. Қазақстан халқы кедейленіп барады және әділдікке деген сенімін жоғалта бастады. Монополиялар ресурстарды рәсуалап, сыбайлас жемқорлық миллиондаған қарапайым адамдардың болашағына балта шабуда. Ресми дерекке сүйенсек, Қазақстанда 3 млн-ға жуық азамат кедейліктің кебін киіп отыр.

Соттар әділетті шешім қабылдау жөніндегі міндеттерін мүлтіксіз орындауы керек. Мемлекеттік аппарат түбегейлі тазартуды қажет етіп отыр.

Медицина мен білім салаларының сапасы өте төмен деңгейде.

Жекеменшікке берілген жер аграрлық секторды жетекші салаға айналдыра алмады, қарапайым халық жұмыссыздықтың салдарынан ауылдарды тастап кете бастады.

Теңгенің құны түсіп кетті. Халықтың басым бөлігі несие «қамытынан» құтыла алар емес. Ал коллекторлардың азаматтарға қоқан-лоқы көрсетуі жиіледі.

Халық өзгерісті талап етіп отыр.

Қазір қоғам мемлекет пен халық арасындағы қарым-қатынастың жаңа әділетті және ашық жүйесін қалай құрамыз деген таңдау алдында тұр.

Құрметті отандастар!

Қалыптасқан сыртқы және ішкі ахуалға байланысты біз, қазақстандықтар, қордаланып қалған өзекті мәселелер мен қоғамдық құндылықтарға жіті назар аударуға мүмкіндік алып отырмыз. Біз үлкен тарихи жолайрықта тұрмыз және дұрыс таңдау жасауымыз қажет.

Халық партиясы социал-демократиялық бағыттағы саяси күш ретінде қазақстандықтардың басым көпшілігінің мүддесін білдіреді!

Біз ел Президентінің қолға алған реформаларына басшылық етіп, жүзеге асыруға әзірміз! Біздің бағытымыз – әділетті әлеуметтік мемлекет құру.

Халық партиясы өзінің Халықтық Үкімет құрамын ұсынады! Біз Қазақстанды өркендеу жолына бастаймыз!

БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ – елдің билігі мен байлығы Қазақстан халқына тиесілі болатын әділетті қоғам құру!

БІЗДІҢ ФОРМУЛАМЫЗ: Әділ Президент – Ықпалды Парламент – Халықтық Үкімет.

БИЛІК – ХАЛЫҚҚА!

БИЛІК – ХАЛЫҚҚА!

Мәжіліс пен мәслихаттарға нақты өкілеттіктер беру

Аудиторлық палата Мәжіліс құрамында болуы қажет

Сот пен құқық қорғау жүйесіндегі жемқорлықты жою

Судьяларды халық сайлауға тиіс

Сайланатын және мәслихатқа есеп беретін әкімдер

Қолдаймын!

Халық әкімдер мен соттарды
өзi cайлауы тиic!

Айгерим Секенова
Сайлаушы
Тимур Сабыржанов
Сайлаушы

Биліктегі әйелдердің санын арттыру

Цензура және бұғаттау болмасын

Барлық саяси партияларды тіркеу

Азаматтық қоғамды дамыту

Қандастарды елге қайтаруға жағдай жасау

Қолдаймын!

Қандастарды елге қайтаруға
жағдай жасалсын!

Айдана Расіл
Сайлаушы
Толығырақ

САЯСАТТА: «Билік халыққа оралады».

Біз Мәжіліс пен мәслихаттарға нақты өкілеттіктер береміз! Президент Тоқаевтың бағыты біздің бағдарламалық мақсаттарымызға толығымен сәйкес келеді. Саяси жүйені жаңғыртуды жалғастыра отырып, халықты ел басқару ісіне жұмылдыру қажет.

Бұл дегеніміз Мәжілістің өкілеттіктерін кеңейте беру болып табылады. Біз парламенттік тексеру жүргізуге қол жеткіземіз.

Аудиторлық палата Мәжіліс құрамына енгізілуі қажет. Осылай «Ықпалды парламент» қағидаты жүзеге асырылатын болады.

Біз сот жүйесі мен құқық қорғау саласында ауқымды реформа жүргіземіз, сыбайлас жемқорлықтан тазартамыз. Аудандық, қалалық және облыстық соттарды халық сайлайтын болады!

Біз Қаңтар қасіретін ашық және шынайы тергеуге қол жеткіземіз. Мемлекеттік төңкеріс жасауды ұйымдастырған нақты адамдар анықталып, жазаға тартылуы қажет!

Әкімдерді халық тікелей сайлайды және әкімдер жергілікті мәслихаттарға есеп береді!

Біз билікте әйелдердің саны артқанын қолдаймыз!

Біз цензура мен бұғаттаудың болмауын талап етеміз! Біз сөз бостандығы мен бейбіт митингілерді жақтаймыз! Біз барлық саяси партиялардың тіркелуін және азаматтық қоғамның дамуын қалаймыз!

Біз барлық қандастарымыздың Отанымызға оралуын қолдап, оларға жыл сайын берілетін квота көлемін ұлғайтуды ұсынамыз!

ХАЛЫҚ КАПИТАЛИЗМI: БАЙ АЗАМАТТАР – БАЙ МЕМЛЕКЕТ

Қуатты орта тап қалыптастыру

Прогрессивті көрсеткіш бойынша есептелетін салық енгізу

Сән-салтанат салығын енгізу

ҚҚС-ты жою және қаржы айналымына салынатын бірыңғай салық (5%) енгізу

Шығыны көп іс-шаралардан бас тарту

Зауыттар мен фабрикалардың санын көбейту

Заңсыз жекешелендіру қорытындысын қайта қарастыру

Қолдаймын!

Халықтың дауысы мен еркі бар
екенін дәлелдейік!

Баяна Сапар
Сайлаушы
ТөлеуҒали Сатыбалдиев
Сайлаушы
Дурсун Токлаев
Сайлаушы

Жер тек жерде еңбек еткенге берілсін!

АӨК мен ауылдық аймақтарды кешенді дамыту – өзекті мәселелерді (жер, маман, технология, суармалы егіншілік, қаржыландыру, кооперация) шешу

Қолдаймын!

Жер тек жерде еңбек
еткенге берілсін!

Рахматулла Момынқұлов
Сайлаушы
Толығырақ

ЭКОНОМИКА БОЙЫНША: Біз «Бай азаматтар – бай мемлекет» қағидатын іске асырамыз.

Кландық-олигархиялық капитализмнің дәуірі өтті. Біз ел Президенті Қ.Тоқаевтың әлеуметтік жауапты мемлекет құру жөніндегі бағытын қолдаймыз.

Халық партиясы ХАЛЫҚ КАПИТАЛИЗМІН қолдайды! Бұл – қуатты орта тап қалыптастыру мен әлеуметтік мемлекет құру дегенді білдіреді.

Біз жұмыссыздықты, кедейшілік пен қайыршылықты жоямыз!

Біз қосымша құн салығын (ҚҚС) жоюды және қаржы айналымынан 5% өлшемімен бірыңғай салық ұсталуын талап етеміз!

Біз заңсыз жекешелендіру қорытындыларын қайта қарауды және барлық кәсіпорындарды мемлекетке қайтаруды ұсындық.

Біз маңызды инфрақұрылымдық салалар мен стратегиялық әлеуеті зор кәсіпорындардың мемлекет меншігіне қайтарылуын талап етеміз!

Біз прогрессивті көрсеткіш бойынша салық төлеуді қолдаймыз!

Біз сән-салтанат салығын енгізуді талап етеміз!

Біз барлық сала бойынша шетелдік инвесторлармен жасалған келісімшарттардың қайта қаралуын және ашық ресімделуін талап етеміз!

Біз еліміздің шикізат қорын экспортқа шығаруда трансферттік баға қалыптастырудың қатаң сақталуын және қаржының офшорға шығарылуына жол бермейміз!

Біз жаңа әрі тиімді өнеркәсіп саясатын қалыптастыруды қолдаймыз! Бізге ЭКСПО сияқты шығыны мол, сән-салтанатты іс-шара өткізу тиімсіз, оның орнына жұмыс істейтін зауыттар мен фабрикалар қажет.

Біз коллекторлық бизнесті жоюды талап етеміз!

Жер сол жерде нақты еңбек ететін азаматтарға ғана берілсін!

Қазақстан Халық партиясы агроөнеркәсіптік кешендерді және ауылдық аймақтарды қуатты дамыту бағдарламасын ұсынады, ол саланың негізгі 6 проблемасын – жер, маман, технология, су (суармалы егіншілік), қаржыландыру, кооперация мәселелерін шешеді.

Біз аграрлық кластерлердің тиімді дамуына мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығының жаңа кеңістікті-аумақтық жүйесін жасап, бекітуді талап етеміз!

ӘРБІР ОТБАСЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА

Кедейлікпен күрес заңын қабылдау

Коллекторлық бизнесті жою

Мемлекеттік компаниялардың акцияларын елдің әрбір азаматына тегін таратып беру

Тәуелсіз және қуатты кәсіподақтар

Зиянды және қауіпті өндірістердегі жұмысшылардың құқықтарының қорғалуы (50 және 55 жаста зейнетке шығу; үстеме ақы беру)

Қолдаймын!

Қазба байлықтан түскен табыс –
халыққа!

Әлішер Бокунов
Сайлаушы

Көпбалалы және мүгедек балалардың ата-аналарының тұрақты мәртебесін бекіту

Әлеуметтік қызметкерлердің, дәрігерлер мен медбикелердің, балабақша тәрбиешілерінің, мұғалімдер мен жаттықтырушылардың мәртебесін көтеру

Спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге балаларды тегін қатыстыру

Әр сәбиге 3 жасқа дейін 1 ең төменгі жалақы мөлшерінде жәрдемақы берілсін

Жастарға арнаулы орта және жоғары білімді тегін беру

Қолдаймын!

Зиянды өндірістерде:
зейнетақы ерте рәсімделсін,
төлемақы көбейтілсін!

Анар Дүкенбаева
Сайлаушы
Виталий Арсенкин
Сайлаушы

Бекем бірлік – жеңіс кепілі!

Өзара көмек және ұлтаралық келісім құндылықтарын сақтау әрі еселеу

Заманауи технологиялар негізінде қазақ тілін тегін үйрету бағдарламасын жасау

Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТА: Біз «Әрбір отбасына – мемлекеттің қамқорлығы» қағидатын іске асырамыз.

Халық партиясы Кедейшілікпен күрес туралы заң қабылдауды талап етеді!

Қазақстан Халық партиясы Конституцияға жер және оның қойнауы халыққа тиесілі деген түзету енгізуге қол жеткізді. Келесі кезең – ХАЛЫҚТЫ АКЦИОНЕРЛЕНДІРУ, яғни мемлекеттік компаниялардың акцияларын елдің әрбір азаматына тегін таратып беру.

Біз кез келген адамды «несие құлдығынан» құтқаруды қолдаймыз! Несие бойынша артық төленген пайыздардың халыққа қайтарылуын талап етеміз!

Біз жалдамалы жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың құқықтарын қорғайтын жаңа Еңбек Кодексін әзірлеуді талап етеміз!

Біз тәуелсіз және мықты кәсіподақтар болуын қолдаймыз!

Кеншілердің, металлургтердің, зиянды және қауіпті өндірістердегі барлық жұмысшылардың құқықтары қорғалуы тиіс деп санаймыз. Олар зейнетке 50 және 55 жаста шығуы тиіс! Біз зиянды өндірісте төленетін қосымша ақыны қайтаруды талап етеміз!

Біз ынтымақты-жинақтаушы зейнетақы жүйесін қолдаймыз! Елімізде 150 мың адамның немесе БЖЗҚ салымшыларының 1 пайызының ғана жеткіліктілік шегінен жоғары жинағы бар. Ал қалған 65 пайыздан астамының жинағы 1 млн теңгеге де жетпейді. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы жүздеген мың азамат жинақтау қорына қаражат төлемегендіктен, ең төмен мөлшерде зейнетақы алады. Сондықтан зейнетақы жүйесіне түрлі «тәжірибе» жасауды доғаратын уақыт келді.

Әйелдердің – 58, ерлердің 60 жаста зейнетке шығуын қолдаймыз!

Халық партиясы аналардың еңбегін ақылы етуді және әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін көтеруді ұсынады. Біз көпбалалы және мүгедек балалардың ата-аналарының тұрақты мәртебесін бекітуді ұсынамыз. Мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-ана 55 жасқа дейін зейнетке шығуы тиіс және олар үшін қысқартылған жұмыс күні белгіленуі қажет.

Біз Қазақстан азаматтарына медицинаның тегін болуын талап етеміз! Жұмыссыздықтың, тұрақты жұмыстың болмауы кесірінен отандастарымыздың едәуір бөлігі МӘМС қорына қаржы құя алмайды. Осылайша өзін-өзі жұмыспен қамтушы 3 млн азамат емханалар мен ауруханалардың босағасынан қайтуға мәжбүр. Біз әрбір қазақстандық өз денсаулығын қорғауға құқығы бар деп санаймыз!

Біз дәрігерлер мен медбикелердің, балабақша тәрбиешілері мен күтушілердің, мұғалімдер мен жаттықтырушылардың мәртебесін көтереміз. Балалардың өмірін құтқаратын және тәрбиелейтін барлық мамандарға лайықты жалақы төленіп, жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалуы тиіс.

Біз Артспорт қозғалысына қолдау жасадық, соның арқасында жүздеген мың бала спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысты. Балалар мейірім мен қамқорлықты қазірден бастап сезініп өсулері керек. Сондықтан болашағымыз үшін спорт пен шығармашылықты қолдау мақсатында мемлекет тарапынан жан басына шаққандағы қаржыландыруды ұлғайтып, мектептегі тегін тамақтандыру ісін жетілдіруді құптаймыз.

Қазақстан Халық партиясы дүниеге келген сәбиге берілетін жәрдемақы көлемін арттырып, оның 3 жасқа дейін төленуін талап етеді. Әр балаға 1 ең төменгі жалақы мөлшерінде жәрдемақы тағайындалуы тиіс.

Халық партиясы арнайы, орта және жоғары білім беруді барлық жастарға тегін және қолжетімді етуді ұсынады! Біз меншік нысанына қарамастан колледждер мен ЖОО студенттеріне 1 ең төменгі жалақы (70 мың теңге) мөлшерінде ай сайын шәкіртақы төленуге тиіс деп білеміз!

Барлық оқу орындарының студенттеріне тегін жатақхана берілсін немесе оларға жыл сайын өтемақы тағайындалсын!

Біз Қазақстан жастарының тұрғын үймен қамтылуын талап етеміз!

Біз толық емес отбасылардан шыққан балаларды қолдау үшін Алимент қорын құруды ұсынамыз! Біз алимент өндіріп алу мәселесі бойынша әкелердің және олардың жақын туыстарының, сондай-ақ жеке сот орындаушыларының жауапкершілігін күшейтуді ұсынамыз.

Біз жеке сот орындаушылар қызметін қысқартуды талап етеміз! Мемлекеттік сот орындаушылар институтын 100% қалпына келтіру қажет!

Біз мүгедектігі бар адамдардың тең дәрежесі мен тең мүмкіндігі болғанын қолдаймыз! Олардың тіршілігін қамтамасыз етуге бөлінетін заттай дүниенің қаражатқа айналуын құптаймыз!

Біз ортақ үйіміз – Жаңа Қазақстанда бейбітшілік пен келісім болғанын қалаймыз!

Біз ұжымшылдық пен өзара көмек және ұлтаралық тұрақтылық пен қоғамдық келісім құндылықтарын сақтай отырып, тамырын тереңге жаюына күш саламыз.

Біз әрбір азаматтың мемлекеттік тілді білуіне жағдай жасауды қолдаймыз! Заманауи технологиялар негізінде қазақ тілін тегін үйретудің ауқымды бағдарламасын жүзеге асыруды ұсынамыз.

АЗАМАТТАРҒА ҚОРҒАН БОЛУ – ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ

Жалпы ішкі өнімнің кем дегенде 3%-ын қорғанысқа бөлу

Күшті әскер және мықты аумақтық қорғаныс

Ресей, Қытай, Орталық Азия елдерімен және өзге елдермен достық қарым-қатынасты нығайту

Сыртқы саясатты экономикалық прагматизм қағидаты негізінде жүргізу

Толығырақ

ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША: Біз ұстанатын қағида – «Азаматтарды қорғау – мемлекеттің міндеті». Біз құқық қорғау органдарын өздерінің басты борышын атқарып, азаматтарға қорған болатын күнге жеткіземіз!

Біз жалпы ішкі өнімнің 3 пайызын елдің қорғанысына бөлуді талап етеміз! Бізге күшті әскер мен мықты аумақтық қорғаныс қажет.

Қазақстан Халық партиясы ел Президенті Қ.Тоқаевтың сыртқы саясаттағы бағытын қолдайды. Ресей, Қытай, Орталық Азия елдері сияқты көршілерімізбен достық қарым-қатынасты нығайту – қауіпсіздік кепілі!

Бұл тұрғыда сыртқы саясатты экономикалық прагматизм қағидаты бойынша жүргізу қажет.

ӨҢІРЛЕР МЕН ҚАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ

Таза ауа

Үйлесімді сәулеттік келбет

Таза ауыз су

Елді мекендерде газ жүргізу

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңартуға арналған мемлекеттік бағдарлама

Моноқалаларды қалпына келтіру

Заманауи автожолдар

Ауылдық жерлерге сапалы интернет тарту

Әлеуметтік тұрғын үйлер, балабақшалар, мектептер мен ауруханалар салу

Студенттерге, жас мамандарға арналған жатақханалар салу

Көпбалалы отбасыларды, ауылдағы ағайынды әлеуметтік инфрақұрылыммен, тегін тұрғын үймен қамтамасыз ету

Қолдаймын!
Асланби Медеулов
Сайлаушы
Анастасия Гауф
Сайлаушы
Толығырақ

ӨҢІРЛЕР МЕН ҚАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ САЛАСЫНДА: Біз өңірлер мен қалаларда жайлы өмір сүруді қолдаймыз!

Біз Қазақстанның барлық қалаларында сәулет ерекшеліктерін және оның тарихи құндылығын ескермей, ретсіз әрі тығыз салынатын құрылыстарға қарсымыз!

Әрбір адам таза ауа мен таза ауыз суға қол жеткізуі тиіс! Әрбір үйге газ берілсін! Газды «жеке табыс көзіне» айналдырған сыбайлас жемқорлықпен күресу қажет.

Біз Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңартуды және моноқалаларды қалпына келтіруді қолдаймыз!

Біз заманауи автожолдар салынуын талап етеміз!

Біз Қазақстанның барлық аумағы бойынша сапалы интернет болғанын қолдаймыз!

Біз әлеуметтік тұрғын үйлер, балабақшалар мен мектептер, онкологиялық орталықтар, көпсалалы ауруханалар салу туралы ұсыныс енгіземіз. Біз көпбалалы отбасыларды, жетім балаларды, мүгедек баласы бар отбасыларды тегін баспанамен қамтамасыз етуді қолдаймыз!

Біз Көпбалалы отбасылар мен ауылдағы ағайын үшін әлеуметтік инфрақұрылым мен тегін тұрғын үй салу мемлекеттік бағдарламасын ұсынамыз.

Халық партиясының сайлаудағы жеңісі – халықтың нақты жеңісі. Ал бұл жеңіске біз жұдырықтай жұмылып қана қол жеткізе аламыз! Елімізде шынайы ХАЛЫҚТЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫ бірге құрайық.

Халық партиясына дауыс беріңіз!

«ЕЛ ҮШІН! ЖЕР ҮШІН! БИЛІК – ХАЛЫҚҚА!»

Толық бағдарламаны қараңыз

Жүктеп алу
Партияның ресми сайты
Өндіруші – «MOVATORS idea farm» ЖШС және «birdnbird».
Тапсырыс беруші – «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ. «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ сайлау қорынан төленді.