fbpx
Image

Шаруаларды құрғақшылықтан қалай қорғаймыз?

Шаруаларды құрғақшылықтан қалай қорғаймыз?

Қазақстан Халық партиясының Қостанай филиалы ауыл шаруашылығы серіктестіктерін дамыту перспективалары мен жем-шөппен қамтамасыз ету тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді. 

24-Қыркүйек-2021

Жергілікті жердің мәселесін шешу қажет

Жергілікті жердің мәселесін шешу қажет

ҚХП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында өңірлік проблемаларды шешудің жаңа мүмкіндігі талқыланды.

23-Қыркүйек-2021

Әскери зейнеткерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі туралы

Әскери зейнеткерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ә.А. Смайлов мырзаға Депутаттық сауал Құрметті Әлихан Асханұлы! Біз әскери зейнеткерлердің баспанамен қамтамасыз ету проблемасына қатысты депутаттық сауалымызды өз атыңызға қайта жолдауға мәжбүрміз. Себебі, құзырлы органдардың жауабына қанағаттанбадық.

22-Қыркүйек-2021

Image

ПАРТИЯ ТУРАЛЫ

«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі – социалистік идеология мен солшыл идеяларды қолдайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі.
ҚХП жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік биліктің өкілетті және орындаушы органдарының жұмысына қатысу арқылы әлеуметтік әділдік пен саяси теңдікке жетуге пейілді халық мүддесіне өкіл болу мақсатында еңбекшілердің, жұмыссыздардың, зейнеткерлер және жастардың саяси еркін білдіреді.
Қазақстан Халық партиясы әлеуметтік әділетті қоғам құру стратегиясына адалдық танытады.
Партия өзін-өзі басқаратын үйлесімді құрылым ретінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында Конституция талаптарына, «Саяси партиялар туралы» Заңға, мемлекеттің саяси партияларының әрекетіне қатысты өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әрекет етеді.
ҚХП демократия мен әлеуметтік әділдік, гендерлік теңдік ұстанымын ұстанған, өз күшін халық өмірін жақсартуға, еңбекшілердің бауырластық және ынтымақтастығын нығайтуға бағыттаған барлық қоғамдық бірлестіктермен ниеттес. Партия халықаралық заңнамалық актілерге сәйкес халықаралық қатынас орнатуға бейілді.
Қазақстан Халық партиясының мақсаты – шынайы халық үкіметі, әлеуметтік әділеттік, рухани бостандық пен ғылыми-техникалық ілгерілеу және ғылыми-техникалық қағидаттар негізінде өркендеген экономика қоғамына ұмтылу. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
Саясатта – Қазақстан Республикасында демократия үшін күресу, демократиялық сайлаулар арқылы билікке жету, әлеуметтік әділетті қоғам құру, Қазақстан Республикасын халық билігімен қамтамасыз ету. Адам эксплуатациясына жол бермейтін жеке меншік формаларын тану, атап айтқанда: мемлекеттік, ұжымдық, жеке, акционерлік, кооперативті деп тану;
Экономикалық салада – экономика дамуындағы шикізаттық бағыттан арылу, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу, экономиканың негізгі салаларында мемлекеттік иелікті қалпына келтіру;
Әлеуметтік салада – халық үшін, елдің экономикалық әлеуетіне сүйене отырып, әлеуметтік кепілдіктер көлемін бекіту әрі кеңейту;
Халықаралық қатынастарда – республиканың ТМД халықтарымен шоғырлану үдерістерін қолдау, лаңкестікпен күрес, кең халықаралық ынтымақтастық.

KonurovAO

ҚОҢЫРОВ АЙҚЫН
ОЙРАТҰЛЫ

Қазақстан Халық партиясының сайтына қош келдіңіздер!

Біздің сайттан сіз партияның қызметі туралы барлық қажетті ақпаратты, біздің мақсаттарымыз бен жобаларымыз туралы көбірек біліп, сонымен қатар Қазақстанның барлық аймақтарындағы комитеттерімен байланыса аласыз.

Қазақстан Халық Партиясы өркендеген Қазақстанды құру жолында барлық демократиялық, патриоттық партиялар мен қозғалыстарды, әрі мемлекеттік емес ұйымдарды дамушы күш ретінде одақтас көреді.
Біз бүгінде Қазақстанның егемендігі, оның мемлекеттік мүдделерін қорғау және елдің қарқынды дамуына бағытталған демократиялық өзгерістер мен қоғамның әлеуметтік жаңаруы, демократия мен өзін-өзі басқарудың барлық деңгейлері социализм үшін күресуімен үйлесетініне сенімдіміз.

Қазақстан Халық Партиясы әр адамның көзқарасын құрметтейді және өздерінің көзқарастарына мәжбүрлемейді. Егер сіз біздің партияның мүшесі болғыңыз келсе, біздің сайттың әр парағында «Партияға кіру» батырмасы бар әрі қажетті ақпаратты жылдам алуға мүмкіндік беретін кері байланыс жүйесі жұмыс істейді.

Егер сіз Қазақстанның патриоты болып, ел тағдырына немқұрайлы қарамасаңыз, әлеуметтік әділетсіздікті көріп, одан зардап шеккен адамдарға көмектесуге, өз өміріңіздің бір бөлігін отандастарыңыздың қоғамдық және әлеуметтік мәселелерін шешуге дайын болсаңыз, мемлекеттік мәселелерді шешуге деген көзқарасыңызбен бөліскіңіз келсе, онда Қазақстан Халық партиясының қатарына қош келдіңіз!

Құрметпен,

ҚОҢЫРОВ АЙҚЫН
ОЙРАТҰЛЫ

Қазақстан Халық партияның Төрағасы, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

ВИДЕОБЛОК

САРАПТАМА

ЖОБАЛАР

«ШАПАҒАТ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ

Бүгінде ҚХП-ның «Шапағат» әлеуметтік жобасы Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс істейтін қайырымдылық және еріктілер қозғалысына айналды.

«Шапағат» жобасының арқасында мыңдаған отбасыларға материалдық және құқықтық көмек көрсетіледі.
Жобаның жұмысы барысында қайырымдылық
пен көмекке мұқтаж жандар азық-түлік, киім-кешек, оқу құралдары және формамен қамтамасыз етіледі.

Image
Image

1945.kz виртуалды естелік кітабі

2020 жылы дүние жүзі Ұлы Отан соғысының аяқталғанының 75 жылдығын атап өтті. Заманауи цифрлық технологиялар арқылы қазақстандықтар Ұлы Отан соғысындағы батыр ата-әжелерінің тарихымен бөлісуге мүмкіндік алды!

Бұл жылы Қазақстан Халық партиясы әлемге соғыс батырлары мен тыл ардагерлерінің тарихың жария ету үшін онлайн естелік кітабін жасады!

Қазақстандағы алғашқы цифрлық партия eparty.kz

Бұл Қазақстан Халық партиясының жедел басқару, аймақтардың қызметін бақылау, зерттеулер жүргізу, сонымен қатар партияның кадрлық резервін құруға арналған заманауи технологияларды стратегиялық дамыту жəне пайдалану жөніндегі жобасы.

Партия мүшелері үшін алғашқы цифрлық партияда вебинарлар, телеграм-бот арқылы қашықтықтан дауыс беру, тестілеулерден өту, ғылыми жəне əлеуметтік зерттеулерге қатысу, атқарған жұмысыңыз жайлы есеп беру мүмкіндіктері қолжетімді болады.

Image

Қоғамдық қабылдау бөлмесі

Құрметті қазақстандықтар! Қазақстан Халық партиясы азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау мүмкіндігін кеңейтуді жалғастырып жатыр!

Сіздерге 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Қазақстан Халық партиясы» депутаттық фракциясының виртуалды қоғамдық қабылдауы жұмыс істей бастағанын хабарлаймыз!
Кез келген сұрақтар бойынша Whatsapp қосымшасындағы +7 (700) 088 1917 нөміріне хабарласуға болады.

Өтініште мынандай мәліметтер белгіленуі тиіс: аты-жөні, мекен-жайы, жедел байланыс үшін телефон номері.

Анонимді өтініштер қарастырылмайды.

Дұрыс терілмеген
Дұрыс терілмеген
Дұрыс терілмеген
Дұрыс терілмеген
Дұрыс терілмеген
Дұрыс терілмеген
© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS