ПАРТИЯ ТУРАЛЫ
«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі – социалистік идеология мен солшыл идеяларды қолдайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі.
ҚХП жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік биліктің өкілетті және орындаушы органдарының жұмысына қатысу арқылы әлеуметтік әділдік пен саяси теңдікке жетуге пейілді халық мүддесіне өкіл болу мақсатында еңбекшілердің, жұмыссыздардың, зейнеткерлер және жастардың саяси еркін білдіреді.
Қазақстан Халық партиясы әлеуметтік әділетті қоғам құру стратегиясына адалдық танытады.
Партия өзін-өзі басқаратын үйлесімді құрылым ретінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында Конституция талаптарына, «Саяси партиялар туралы» Заңға, мемлекеттің саяси партияларының әрекетіне қатысты өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әрекет етеді.
ҚХП демократия мен әлеуметтік әділдік, гендерлік теңдік ұстанымын ұстанған, өз күшін халық өмірін жақсартуға, еңбекшілердің бауырластық және ынтымақтастығын нығайтуға бағыттаған барлық қоғамдық бірлестіктермен ниеттес. Партия халықаралық заңнамалық актілерге сәйкес халықаралық қатынас орнатуға бейілді.
Қазақстан Халық партиясының мақсаты – шынайы халық үкіметі, әлеуметтік әділеттік, рухани бостандық пен ғылыми-техникалық ілгерілеу және ғылыми-техникалық қағидаттар негізінде өркендеген экономика қоғамына ұмтылу. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
Саясатта – Қазақстан Республикасында демократия үшін күресу, демократиялық сайлаулар арқылы билікке жету, әлеуметтік әділетті қоғам құру, Қазақстан Республикасын халық билігімен қамтамасыз ету. Адам эксплуатациясына жол бермейтін жеке меншік формаларын тану, атап айтқанда: мемлекеттік, ұжымдық, жеке, акционерлік, кооперативті деп тану;
Экономикалық салада – экономика дамуындағы шикізаттық бағыттан арылу, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу, экономиканың негізгі салаларында мемлекеттік иелікті қалпына келтіру;
Әлеуметтік салада – халық үшін, елдің экономикалық әлеуетіне сүйене отырып, әлеуметтік кепілдіктер көлемін бекіту әрі кеңейту;
Халықаралық қатынастарда – республиканың ТМД халықтарымен шоғырлану үдерістерін қолдау, лаңкестікпен күрес, кең халықаралық ынтымақтастық.
АХМЕТБЕКОВ ЖАМБЫЛ АУЖАНҰЛЫ
«Қазақстан Халық партиясы» Орталық Комитетінің хатшысы, «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
НҰҒМАНОВА ГАУХАР КӨКЕНҚЫЗЫ
«Қазақстан Халық партиясы» Орталық Комитетінің хатшысы
СЫЗДЫҚОВ ОЛЖАС ТҰРҒЫНҰЛЫ
«Қазақстан Халық партиясы» Орталық Комитетінің хатшысы
СМИРНОВ ВИКТОР АЛЕКСАНДРОВИЧ
«Қазақстан Халық партиясы» Орталық Комитетінің хатшысы
Қоғамдық қабылдау бөлмесі
Құрметті қазақстандықтар! Қазақстан Халық партиясы азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау мүмкіндігін кеңейтуді жалғастырып жатыр!
Сіздерге 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Қазақстан Халық партиясы» депутаттық фракциясының виртуалды қоғамдық қабылдауы жұмыс істей бастағанын хабарлаймыз!
Кез келген сұрақтар бойынша Whatsapp қосымшасындағы +7 (700) 088 1917 нөміріне хабарласуға болады.
Өтініште мынандай мәліметтер белгіленуі тиіс: аты-жөні, мекен-жайы, жедел байланыс үшін телефон номері.
Анонимді өтініштер қарастырылмайды.