fbpx

Е.Л. Тоғжановқа депутаттық сауал Сәрсенбі, 28 Сәуір 2021 11:15

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің орынбасары

Е.Л. Тоғжановқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Ералы Лұкпанұлы!

Қазақстан Халық партиясы фракциясының депутаттарын 2020 жылы елімізден кеткен мамандардың жайы алаңдатады.

Ашық дереккөздеріне сүйенсек, 2019 жылы эмигранттардың жалпы статистикасында жоғары білікті мамандардың үлесі 50,6%-ды құраса, 2020 жылы пандемия мен шектеулерге қарамастан, бұл көрсеткіш 54,3%-ға жетті. Бұл ретте 2019 жылға қарағанда Қазақстаннан кеткен медицина қызметкерлерінің саны үш есе көп, педагогтардың үлесі 4 есе көп, техникалық мамандардың үлесі бес есе көп. Сондықтан жастардың елден кетуі үлкен проблемаға айналды.

Сарапшылардың пікірінше, мұның себептері мыналар: адами капиталдың төмендеуі, қазақстандықтардың өмір сүру сапасының төмендігі, ертеңгі күнге деген сенімділіктің жоқтығы және елде қолжетімді білімнің болмауы.

Он мыңдаған жастар Қазақстаннан кетіп, шетелге, әсіресе Ресейге оқуға түседі. Еліміздің шетелде оқитын барлық студенттерінің 60%-ы Ресейде оқиды және сол жерде біржола қалады. Әсіресе, Қазақстанда жоғары білім алудың мәселесі этноспен немесе тілмен байланысты емес. Ресейде және басқа елдерде оқитындардың арасында сол жерде қалуға ниет білдіретіндердің дені – этникалық қазақтар.

Біздің ойымызша, мұның себептерінің бірі – Қазақстанда 2019 жылға дейінгі сырттай және қашықтықтан оқыту бағдарламаларының оқу жоспарлары күндізгі білім беру материалдарының 65%-ына дейін қысқартылуы, ал 2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап сырттай білім беру нысанының мүлдем тоқтатылуы. Бұл елімізде қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша жоғары білім алуға мүмкіндік жоқ дегенді білдіреді. Ал ресейлік университеттер мұндай оқу бағдарламаларын кеңінен ұсынады. Ол жақта тіпті құрылыс және инженер мамандықтары бойынша да жоғары білім ала алуға мүмкіндік бар.

Тағы бір себебі – Қазақстаннан келген талапкерлердің ресейліктермен тең дәрежеде тегін оқуға түсу шарттары мен мүмкіндіктері қарастырылған. Ал Ресейде мамандықтарды таңдау мүмкіндігі жоғары.

Біздің ойымызша, ең маңызды себеп – Ресейде түлектердің жұмысқа орналасу ықтималдығы жоғары. Қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің жартысынан астамы негізгі мамандығын айтпағанның өзінде қандай да бір жұмыс таба алмайды.

Біріншіден, еңбек нарығы нашар бақыланады, соның салдарынан «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған түлектер де мамандық бойынша жұмысқа орналаса алмайды.

Екіншіден, біздің жоғары оқу орындарындағы білім беру шетелдіктермен салыстырғанда, түлектің жұмыс процесіне бірден қосылуына мүмкіндік беретін практикалық дағдыларды әзірлеуге жеткіліксіз бағдарланған.

Сондай-ақ ипотеканың, жас отбасыларға арналған балалар оқу орындарының қол жетімділігі, сондай-ақ ана капиталының болуы, Ресейде бар да, бізде жоқ отбасын қолдау бағдарламалары маңызды фактор болып саналады.

Құрметті Ералы Лұкпанұлы, баяндалғанға байланысты еліміздің жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, Қазақстандағы жоғары білімнің қолжетімділігі, сапасы мен тиімділігіне, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуға, олардың білімін ел экономикасында тиімді пайдалануға байланысты проблемаларды шешу үшін Үкімет қабылдайтын шаралар туралы, сондай-ақ басқа елдерде оқитын жастардың Қазақстанға оралуына қызығушылығын ынталандыру бойынша жоспарланған шаралар туралы хабарлауды сұраймыз.

Осы депутаттық сауалды қарастырып, аталған проблемалар бойынша Үкіметтің ұстанымын көрсетіп, жауабын заңнамада белгіленген мерзімде ұсынуды сұраймыз.

Құрметпен,

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары:

А. Милютин

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

А. Сқақова

Ф. Қаменов

Ғ. Құлахметов

А. Паяев

С. Решетников

Е. Смайлов

И. Смирнова

28.04.2021 ж. жарияланды

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS