fbpx

Ә.А. Смаиловқа депутаттық сауал Сәрсенбі, 28 Сәуір 2021 11:20

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің

Бірінші орынбасары

Ә.А. Смаиловқа

Депутаттық сауал

Құрметті Әлихан Асханұлы!

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 556 қаулысымен «Ақмола су арнасы» МКК Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – кәсіпорын) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылды.

2020 жылғы тамызда кәсіпорын жаңа тарифтерді қайта бекітті. Осыған байланысты 2020 жылғы желтоқсанда Ақмола облысының ТүКШ басқармасының атына халыққа ауыз су беру қызметтерінің құнын арзандату үшін субсидиялау көлемін ұлғайту бойынша бюджеттік өтінім жолданды. Алайда Ақмола облысының ТүКШ басқармасы 2021 жылға арналған субсидиялар төлеу кестесін ұсынды. Оған сәйкес субсидиялар төлеу мөлшері бұрынғы деңгейде қалды, ал қосымша субсидиялар бөлу туралы мәселені қарау ағымдағы жылдың 1 маусымына ауыстырылды.

2021 жылы субвенция есебінен республикалық бюджеттен 1 405,5 млн теңге бөлінді. Бұл ретте нақты қажеттілік 1 млрд 905,4 млн теңгені, тапшылық – 499,9 млн теңгені құрайды. Субсидиялар қажеттілігі елді мекендерге су беру көлемінің ұлғаюына, сондай-ақ тарифтің қайта бекітілуіне байланысты қалыптасты. Негізгі бөлігі екі топтық су таратқыштарға тиесілі: Көкшетау – 323,6 млн теңге, Нұра – 124,7 млн теңге.

Осылайша, Нұра су құбыры 24 ауылдық елді мекенде 14 мың халқы бар Ақмола облысының екі ауданын (Қорғалжын және Егіндікөл) ауыз сумен қамтамасыз етеді. Субсидияларды толық қаржыландырмау су берушілерді қиын жағдайға тіреп отыр: электр энергиясы бойынша берешектің пайда болуы, бюджетке аударымдар, ағымдағы жұмыстарды жүргізу үшін материалдардың болмауы. Осының бәрі жалпы халыққа ауыз су беруді шектейді.

Ақмола облысы субвенциялық аймақ болып саналады және өз қаражатының тапшылығын жабуға мүмкіндігі жоқ.

Көрсетілген мән-жайларды назарға алсақ, кәсіпорын одан әрі Нұра су құбырын ұстай алмайды. Бұл топтық су құбыры қызметінің тоқтатылуына әкеп соғады. Осыған байланысты кәсіпорынды қаржыландыру көзі бойынша түпкілікті шешім қабылдамаған кезде оның қызметінің барлық процестерін, оның ішінде топтық су тартқышты пайдалануды тоқтата тұрудың үлкен тәуекелдері бар.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде облыс су берушілерінің халыққа ауыз суды үздіксіз беру бойынша тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін 840 млн 095,52 мың теңге сомасында республикалық бюджет есебінен қосымша қаражат бөлу мәселесін қарастыруға көмек көрсетуіңізді сұраймыз. Сонымен қатар кәсіпорын Көкшетау қаласында, сондай-ақ Бурабай, Айыртау, Зеренді аудандарында 200 мыңнан астам адамды таза ауыз сумен қамтамасыз ететін Көкшетау топтық су құбырын пайдаланады.

Жыл сайын Көкшетау топтық су құбыры бойынша экономикалық көрсеткіштердің төмендеуі байқалады (көлемдер, сәйкесінше сомалар да қысқарады). Ал ауыз суды тұтынушылардың өсуі артуда. Демек, су көлемін тұтыну көбейеді. алайда осы көлемді облыстық бюджеттен субсидиялау қиындау. Салдарынан тұтынушы уақтылы төлеу міндеттемесін орындай алмайды. Сөйтіп дебиторлық берешек – сумен жабдықтау қызметінен ажырату – сумен жабдықтауды тоқтату – қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс пайда болады.

Депутаттық сауалды қарастыруды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен жауап беруді сұраймыз.

Құрметпен,

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары:                                                                                 

Ж. Ахметбеков

Ф.Қаменов

Ғ.Құлахметов

А.Қоңыров

А.Милютин

А.Паяев

С.Решетников 

А.Сқақова   

Е.Смайлов

И.Смирнова

28.04.2021 ж. жарияланды

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS