А.Ұ.Маминге депутаттық сауал Сәрсенбі, 09 Желтоқсан 2020 10:40

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

А.Ұ.Маминге

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Халық партиясының фракциясына елорданың Гуманитарлық колледжінің ұжымы жүгінді. Колледж бастауыш сынып мұғалімдерін және мектепке дейінгі тәрбиешілерді дайындайды.

2020 жылдың 11 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің қаулысымен колледж қайта ұйымдастырылып, Қоғамдық тамақтану және сервис колледжіне қосылды. Қаулыға сәйкес, колледждің мүлкі, атап айтқанда оқу корпусы, жатақханасы, барлық материалдық базасы, жер учаскесі, студенттері мен педагогикалық құрамы берілді. Білім басқармасының бұйрығымен директор, директордың орынбасарлары жұмыстан босатылды. 11 қыркүйектен бастап колледж басшылықсыз қалды. Алайда жұмыстан босатылған директордың орынбасарлары колледж қызметін қамтамасыз ету, 1 748 адамнан тұратын оқушылар контингентін, 250-ден астам педагогтар мен қызметкерлерді бақылау, оқытуды тоқтатпас үшін карантиндік шектеулер жағдайындағы педагогикалық процесті жүзеге асыру бойынша өз міндеттерін жалғастырды. Соныңнда бұл шешімдер мен қайта құрудың барлығы 1928 жылы құрылған ескі педагогикалық колледжді жекеменшік жоғары оқу орны – «Астана халықаралық университеті» ЖШС басқаруына беру үшін қабылданғаны анықталды. Университеттің осы уақытқа дейін педагогика бойынша бакалавриаты да болмаған, тек екі рет қана магистрлерді дайындап шығарған.

Осы бір түсініксіз әрі мұғалімнің мәртебесін төмендеткен жағдайға байланысты мынаны ұсынамыз:

  1. Астана гуманитарлық колледжін «Астана Халықаралық университеті» ЖШС-на сенімгерлік басқаруға беру тоқтатылсын.
  2. Колледжді қайта ұйымдастырудың заңдылығы мен негізділігіне, оқу процесі кезінде әкімшіліктің жұмыстан босатылуына тексеру жүргізуді қамтамасыз ету.
  3. Гуманитарлық колледждің Қоғамдық тамақтану және сервис колледжіне қосылуының заңдылығын тексеру.
  4. Дәл осы жағдайда колледж студенттері мен жұмыс істейтін педагогтардың мүдделерін ескере отырып, оқу жылы арасында толыққанды оқу процесі үшін «Педагог мәртебесі туралы» Заңды іске асыруды қамтамасыз ету.
  5. Колледжді сенімгерлік басқаруға беру бойынша мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдердің заңдылығын тексеру.
  6. Ең көне педагогикалық мекеме базасында ең үздік дәстүрлерді, мекеменің табысты тәжірибесін және астана мен елдегі педагогтарға қажеттілікті сақтау үшін педагогикалық жоғары колледжді ұйымдастыру туралы мәселені қарастыру.

Жауапты заңнамамен белгіленген мерзімде жазбаша түрде беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары

09.12.2020 жылы жарияланды

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS