А.Ұ.Маминге депутаттық сауал Сәрсенбі, 09 Желтоқсан 2020 10:46

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрі

А.Ұ.Маминге

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Бүгінгі таңда ЕАЭО-ның барлық елінде генетикалық түрлендірілген организмдерге (ГМО) және олардан жасалған өнімдерге қатысты жалпы саясат қалыптастырылды. Гендік инженерия негізінде алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын сатуға және егу (отырғызу) үшін пайдалануға заң жүзінде тыйым салынған. Құрамында ГМО көп кездесетін импорттық өнімдер түрлі шектеулер мен тыйымдардың көмегімен одақ аумағынан жүйелі түрде шығарылуда.

Республика аумағына әкелу және өткізу жоспарланған құрамында ГМО бар өнімдердің қауіпсіздігін ғылыми негіздемеге сәйкес растау Еуропалық Одақ мемлекеттерінде белгіленген деңгейде ғана қабылданады.

Бұл ретте ЕАЭО аумағында құрамында ГМО бар ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жағдайлары тіркеледі. Ол жартылай фабрикаттар мен тамақ өнімдерін өндіруде қолданылуда.

Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы 2020 жылдың шілдесінде Ресей Федерациясының «Россельхознадзор» мекемесіне Ресей рапсының 23 партиясында, сондай-ақ соя майының 10 партиясында ГМО компоненттерінің табылғаны туралы хабарлады.

«Россельхознадзор» осы фактілер бойынша тергеу жүргізген кезде Төменгі Новгород облысында рапс ГМО-сы және Волгоград облысында соя ГМО-сын өсіру жағдайлары анықталды. Сонымен қатар астық ГМО-сын Хабаровск аумағынан (Хабаровск аумағы арқылы шетелге жіберілетін, Еврей автономиялық аймағында өндірілген астық) және Ставрополь өлкесінен Қытайға және Беларусь Республикасына экспорттау әрекеттері тоқтатылды. Проблемалық аймақтардың қатарында Қазақстанмен шекаралас Омбы облысы да бар.

Өнімнің ілеспе құжаттарына жүргізілген талдау бірқатар жағдайларда ЕАЭО сәйкестігі туралы декларациялар нақты партияға емес, сериялық шығарылымға берілгенін, декларацияларды қабылдау қазада ғана бар сынақ зертханаларының хаттамалары негізінде жүргізілгенін, Кеден одағының ТР ТС 015/2011 «Астық қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде көзделген барлық міндетті көрсеткіштерге, оның ішінде ГМО-ға зерттеулер жүргізілмегенін анықтады. Омбы облысынан экспорттық тауарлармен бірге жүретін сәйкестік туралы декларациялардың жартысына жуығы жалған болып шықты.

Сондай-ақ қазақстандық қайта өңдеушілердің Ресей Федерациясынан ГМО-сы бар рапс тұқымын сатып алуы салдарынан Қытай билігі Қазақстаннан рапс майы мен күнжара партияларын әкелуге тыйым салғаны белгілі.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Қазақстанның Халық партиясы» фракциясы Үкіметтің назарын Ресей Федерациясы аумағында ГМО тұқымдары мен дайын өнімдерінің айналымына қатысты бақылаудың жеткіліксіздігіне аударып отыр.

Біздің ойымызша, сауда серіктестері алдындағы өз міндеттемелерін орындамау ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен халық үшін тікелей қауіп-қатер төндіреді. Осыған байланысты Еуразиялық экономикалық комиссияның алаңында ГМО-ға қатысты проблеманы көтеруді және ГМО тұқымдарының енуін, қолданылуын және дайын өнімді ЕАЭО аумағынан Қазақстанға өткізуді болдырмау үшін қосымша Ұлттық қорғау тетіктерін құруды ұсынамыз.

Депутаттық сауалды қарастыруды және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен жазбаша түрде жауап беруді сұраймыз.

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары:

А.Қоңыров

Ж.Ахметбеков

Г.Баймаханова

В.Косарев

М.Магеррамов

И.Смирнова

Т.Сыздықов

2020 жылғы 9 желтоқсанда жарияланды

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS