fbpx

Е. Л. Тоғжановқа депутаттық сауал Сәрсенбі, 02 Маусым 2021 11:49

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрінің    

орынбасары

Е. Л. Тоғжановқа

Депутаттық сауал

Құрметті Ералы Лұқпанұлы!

Қазақстан Республикасы Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын, «Өзгерістер жолы. Әр азаматқа лайықты өмір!» бағдарламасын, Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың 2020 − 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру мақсатында дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлау қажет.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ болжамдары бойынша «Спорт жаттықтырушылары мен оқытушылар» сабақтар тобы бойынша 2020-2025 жылдарға қажеттілік 4 000-нан 6 000-ға дейін жұмыскерді құрайды (6 жыл ішінде орын ауыстыруға сұранысты қоса алғанда), ал дене шынықтыру мамандарына жыл сайынғы қажеттілік 667-ден 1000-ға дейін жұмыскерді құрайды.

Осыған байланысты дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін мемлекеттік қолдау қажет, атап айтқанда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру гранттарының тиісті санын бөлу қажет.

Қазіргі уақытта жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына сәйкес жаттықтырушы кадрларды даярлау «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары тобының шеңберінде, «Жалпы дамудың пәндік мамандануымен мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша жүргізіледі.

Бұл өзгерістер білім беру бағдарламаларының осы тобы бойынша кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырысты жоспарлау жаттықтырушы кадрларға қажеттілікті ескерусіз жүзеге асырылуына алып келді (өйткені тек мектеп мұғалімдері есепке алынады).

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар педагог кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру кезінде «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігіне білім беру саласындағы кадрларға қажеттілік болжамын ұсынады, ал спорт «Өнер, ойын-сауық және демалыс» саласына жатады. Осының барлығы дене шынықтыру және спорт бойынша кадрлар даярлауға бөлінетін мемлекеттік гранттар санының қысқаруына алып келді.

(Мысал ретінде: ҚР БҒМ «2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы» бұйрығының жобасында «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» МББ-ға барлығы 190 мемлекеттік білім гранты бөлінді).

Жаттықтырушы кадрларды даярлау педагогикалық мамандыққа жатады, өйткені түлектер спорт колледждері, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, олимпиадалық резерв мектептері және т. б. сияқты білім беру мекемелеріне жұмысқа орналасады.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігіне «Білім беру бағдарламалары топтары бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің № 210 бұйрығына толықтыру енгізу туралы ұсыныспен жүгінемін: «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары тобына жаттықтырушылар кадрларын даярлауды енгізу және тиісінше осы топты «Дене шынықтыру мұғалімдері мен спорт жаттықтырушыларын даярлау» деп қайта атау». Сол  жағдайда кадрларға қажеттілікті айқындау кезінде дене шынықтыру және бұқаралық спорт саласы ескерілетін болады.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 маусымдағы «Білім туралы» Заңының 26 бабының  5- тармағына сәйкес, «математика», «физика», «химия» және т. б. мамандықтарына оқуға түсетін мыңдаған дарынды талапкерлер бар, сондай-ақ олар «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру гранттары конкурсында басым құқыққа ие болды. Бұл норманың енгізілуі Қазақстан Республикасының атынан шығып, ел намысын қорғап, түрлі халықаралық олимпиадаларда, конкурстар мен жарыстарда өз қабілеттерін көрсеткен жастар арасынан зияткерлік элитаны қалыптастыру қажеттілігінен туындап отыр. Талапкерлердің дәл осы санаты мемлекеттік білім беру гранты бойынша тиісті мамандықтарға түсу кезінде басқа талапкерлерге қарағанда артықшылықтарға ие болды.

Алайда, 2018 жылдың мамыр айында қолданыстағы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына жоғарыда аталған санаттағы талапкерлердің құқықтарын едәуір қысқартқан өзгерістер енгізілді, оған сәйкес білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде басым құқық балдар тең болған жағдайда ғана берілді.

Бұл 100 ұпай жинаған Олимпиада чемпионы 101 ұпай жинаған үшінші дәрежелі спортшыны өз алдына жіберіп алатынын білдіреді. Нәтижесінде бүгінде жасөспірімдер олимпиадасында, жастар әлем және Азия чемпионаттарында Қазақстанның намысын қорғаған республикалық спорт мектеп-интернаттарының көптеген талантты тәрбиеленушілері тасада қалады немесе оларды қабылдауға дайын ресейлік жоғары оқу орындарына кетеді. Мәселен, 2019 жылдың өзінде Ресейге оқуға келген 180 мың шетелдік студенттің 59 мыңға жуығы Қазақстаннан келген. Бұл ретте әрбір үшінші – титулдық ұлттың өкілі.

Бұқаралық спортты дамыту үшін жаңа форматтағы кадрлар қажет. Бүгінгі күні Қазақстанда спорт бойынша менеджерлер мен нұсқаушыларды даярлау жүзеге асырылмайды, ал Еуропа елдерінде (Қазақстан Болон процесіне қатысушы ел болып табылады) білім беруді сыныптаудың халықаралық стандарттарына сәйкес спорт «Қызмет, Қызмет көрсету»саласына жатады.

Қазіргі уақытта жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына сәйкес «Қызмет көрсету саласы» бағытында кадрлар даярлауға тиісінше мемлекеттік тапсырыс бөлінетін «Туризм», «Бос уақыт», «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламаларының топтары енгізілген.

Бұл бағытта «Спорт» білім беру бағдарламаларының тобын құру қажет деп санаймыз, онда жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөле отырып, спорт жөніндегі менеджерлер мен нұсқаушыларды даярлау жүзеге асырылатын болады.

Құрметті Ералы Лұқпанұлы жоғарыда баяндалғанның негізінде, Сізден осы депутаттық сауалды қарап және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жазбаша түрде жолдауыңызды сұраймын.

Құрметпен,

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары:

Ф. Қаменов

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

З. Құлахметов

А. Милютин

А. Паяев

С. Решетников

А. Сқақова

Е. Смайлов

И. Смирнова

02.06.2021ж. жарияланды

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS