fbpx

А.Ұ. Маминге депутаттық сауал Сәрсенбі, 02 Маусым 2021 11:45

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

А.Ұ. Маминге

Депутаттық сауал

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Биыл 26 мамырда Мемлекет басшысы электр энергетикасы мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиында елдегі электр энергетикасын дамыту мәселелеріне қатысты бірқатар тапсырма берді.

Соның ішінде энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жүйесінде тәртіп орнатуды және электр энергиясына тарифті қолжетімді етуді тапсырды. Ал мамыр айының басында электр энергиясы саласының реттеуші функциясын күшейту міндетін жүктеді.

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары бұл ұсынысты қолдайды, елімізде энергетика күші шегінде тұр және болашаққа арналған қор жоқ. Қазақстан ЕАЭО елдері электр энергиясының ортақ нарығынан шет қалуы ықтимал. Бұл – меншікті энергия ресурсының тапшылығын туындатып, ұлттық қауіпсіздіктің тәуекелін арттыруы мүмкін. Энергиямен жабдықтаудың жүздеген делдал-ұйымы «таңдалған» тұтынушылар үшін жабық схема және қымбат тарифпен жұмыс істейді. Келісімдер көлемі мен олар бойынша жасалатын төлем – коммерциялық құпия. Бұдан жеке кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтар зардап шегеді. Халық пен шағын және орта бизнес энергиямен тиімсіз тариф бойынша қамтылады. Тұтынушылардың санаттары бірдей болса да, оларға әртүрлі тариф бекітілген.

Электр энергетикасында мемлекеттің реттеуші функцияларының болмауы экологияға да кері әсерін тигізеді. Мысалы, елдің балық қоры азаяды. Мәселен, біздің ойымызша Зайсан көлі мен Ертіс өзенінің орта ағысының балық қорларына және олардың уылдырық шашуына Ертіс ГЭС каскадынан қамқорлық көрсетілмейді. Гидроэнергетика саласының жосықсыз дамуы болашақта Алматы облысының өзендеріне қауіп төндіруі мүмкін. Осының алдын алу үшін Қазақстан Халық партиясы мемлекеттің электр энергетикасы саласындағы реттеуші функциясын күшейтуге, энергетика нарығының ашықтығын қамтамасыз етуге, өндірілетін, жеткізілетін және тұтынылатын энергияны тарифті нақтылай отырып есептеуге шақырады.

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, келесі сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймыз:

  1. Үкімет электр энергетикасындағы мемлекеттің реттеуші функцияларын күшейту туралы ұсынысқа қалай қарайды және электр энергетикасы ардагерлерінің үндеуінде және осы сұрауда баяндалған фактілерге сәйкес қандай шара қабылдауға ниетті?
  2. Электр энергиясын беру жөніндегі көлемді келісімдерге ашық қол жеткізу мәселесі пысықталуда ма және осы негізде-шағын, орта бизнес субъектілері мен халыққа электр энергиясын жеткізушіні өз бетінше таңдау мүмкіндігін беру керек пе?
  3. Неліктен тарифтер мен бағаларды көрсете отырып, өндірілетін, жеткізілетін және тұтынылатын электр энергиясының барлық мөлшері қазіргі заманауи компьютерлік технологиялардың көмегімен нақты режимінде көрсетілмейді? Бұған не кедергі келтіреді және бұл үшін заңнамада қандай өзгерістер қажет?

Осы депутаттық сауалды қарап, аталған проблемалар бойынша Үкіметтің ұстанымын көрсетіп, жауабын заңнамада белгіленген мерзімде беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары:

А. Милютин

А. Қоңыров

И. Смирнова

Ф. Қаменов

Ж. Ахметбеков

Ғ. Құлахметов

А. Паяев

С. Решетников

А. Сқақова

Е. Смайлов

02.06.2021ж. жарияланды

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS