fbpx

Е.Л. Тоғжановқа депутаттық сауал Сәрсенбі, 02 Маусым 2021 11:58

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің

орынбасары

Е.Л. Тоғжановқа

Депутаттық сауал

Құрметті Ералы Лұқпанұлы

Сізге жүгінуге азаматтарды жалғыз тұрғын үйінен мәжбүрлеп көшіру жағдайының жиілеуі себеп болды. Мысалы, еңбек майданының қатысушысы, 86 жастағы Александра Пичугина 1930 жылы атасы салған үйінен мәжбүрлеп шығарылып жатыр.

Қазіргі уақытта мәжбүрлеп көшіру жағдайы мүлдем өзгеше: жеке  мүлікті иеліктен шығарып  мемлекет мұқтажына өткізу үшін жылуды, ауыз суды және жарықты өшіру түрінде адамгершілікке жатпайтын әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттің республикалық интернат-колледжге жер телімін сатуына байланысты көпбалалы отбасыға баспанасыз, далада қалу қаупі төніп тұр. Тұрғындарды мәжбүрлеп көшіруге мүлікті мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару немесе шенеуніктердің қате шешімі себеп болуы мүмкін.

Эпидемия кезінде адамдарды баспанасынан айыру оларды өлімге итергенмен тең. Мұның жауапкершілігі мемлекеттің мойнында

Мәжбүрлеп көшіру адам құқығын, атап айтқанда, Қазақстан ратификациялаған экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіде бекітілген тұрғын үй құқығын өрескел бұзу болып табылады.

Covid-19 пандемиясын ескере отырып, тұрғын үйдің  коронавирустан қорғану шебіне айналғанын түсіну қажет. Тұрмысы төмен адамдар үйсіз қалып, «өлім жазасына» кесілгендей күй кешуге тиісті емес.

Пандемия аяқталғанға дейін және одан кейінгі уақытта азаматтарды пәтерлерінен мәжбүрлеп шығаруды доғаруды талап етеді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде адам құқықтарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінен Сovid-19 пандемиясы кезінде мәжбүрлеп көшіруге мораторий енгізуді және мәжбүрлеп көшіру кезіндегі негіздерге, рәсімдер мен шектеулерге қатысты тиісті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге кірісуді сұраймыз.

Құрметпен,

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары:

И. Смирнова

А.  Қоңыров

Ф.  Қаменов

Ж. Ахметбеков

З. Құлахметов

А. Милютин

А. Паяев

С. Решетников

А. Сқақова

Е. Смайлов

02.06.2021ж. жарияланды

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS