fbpx

Р.Склярға депуттаттық сауал Сәрсенбі, 16 Маусым 2021 11:15

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің орынбасары

Р.Склярға

Депуттаттық сауал

Құрметті Роман Васильевич!

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі Тұрғын үй құрылысы саласында ауқымды жұмыс жүргізуде. Тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың саны жыл сайын орта есеппен 50 мыңға өсіп, бүгінде 550 мыңға  жуық адамға жетті.

Бүгінгі таңда еліміздің көптеген тұрғындарын қолжетімді тұрғын үй мәселесі алаңдатып отыр. Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасында азаматтарды қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету маңызды екендігін мәлімдеді.

Елімізде халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша бірқатар мемлекеттік бағдарламалар әзірленді. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру операторы – «Отбасы банк» АҚ болып бекітілді.  Оған тұрғын үйге қатысты жобаларды іске асыру және тұрғын үйдің қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру, инфрақұрылымын дамыту сонымен қатар халықты жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету міндеті жүктелді.

«Отбасы банк» АҚ-да қолжетімді тұрғын үйге қатысты төмендегідей бағдарламалар бар:

  1. «Әскери өнім» арнайы бағдарламасы – әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемін пайдалана отырып баспана сатып алуға жеңілдікпен несие беруді көздейді. Негізгі талап: «Отбасы банкте» депозит болуы және 6 айлық төлем қабілеттілігі расталуы тиіс.
  2. «Бақытты Отбасы» «2-10-20» (2% – қарыз бойынша мөлшерлеме, 10 % – ең төменгі бастапқы жарна, қарыз мерзімі – 20 жыл) – халықтың әлеуметтік осал тобына арналған бағдарлама. Қатысушылар (көпбалалы және толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар және т.б.) бұрын-соңды болмаған төмен мөлшерлемемен баспаналы болуға қарыз ала алады.

Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында тұрғын үй сатып алуға 15 млн, басқа өңірлерде 10 млн теңге қарыз беріледі. Алайда соңғы жылдары нарықтағы тұрғын үй бағасының өсуіне байланысты бұл сома тұрғын үй сатып алуға жетпейді.

  1. «Шаңырақ» «5-10-20» (5% – қарыз бойынша мөлшерлеме, 10% – ең төменгі бастапқы жарна, 20 жыл – қарыз мерзімі) – тұрғын үй құрылысын дамытуды қолдау бағдарламасы.
  2. Нұрлы Жер» «5-20-25» (5% - қарыз бойынша мөлшерлеме, 20% – ең төменгі бастапқы жарна, 25 жыл – қарыз мерзімі) – көппәтерлі үй құрылысы шеңберінде де, жеке тұрғын үй құрылысын дамыту шеңберінде де халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік бағдарлама.

«Нұрлы Жер» және «Шаңырақ» бағдарламалары бойынша негізгі талап:

«Отбасы банкте» депозиттің болуы және төлем қабілеті расталуы керек. Отбасының әрбір мүшесінің соңғы алты айдағы табысы айына 3,7 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (2021 жылғы есеппен - 34 302 теңге) аспауға тиіс. Яғни 2021 жылы отбасының бір мүшесіне шаққандағы табыс мөлшері 126 917 теңгені құрауы керек. 

«Нұрлы Жер», «Шаңырақ» бағдарламалары бойынша тұрғын үй сатып алуға

3,7 ең төменгі күнкөріс деңгейінде бекітілген  коэффициент кедергі келтіріп тұр. Осы талап жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың (мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері) үй алу мүмкіндігін шектеп отыр. 

«Нұрлы жер», «Шаңырақ» мемлекеттік бағдарламалары бойынша әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй сатып алуға қарыз беріледі. Аталған бағдарламалар халықтың әлеуметтік осал тобына икемделген. Бұл ретте орташа жалақысы 5-7 ең төменгі күнкөріс деңгейін құрайтын, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар назардан тыс қалады. Себебі олардың орташа айлық жалақысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 5-7 есе асады.

2021 және 2022 жылдары «Баспана хит» және «7-20-25» жеңілдетілген

ипотекалық бағдарламаларын қаржыландыру тоқтатылады.

Тұрақты жалақысы айына 150-200 мың теңгені құрайтын, тұрғын үй кезегінде тұрған мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері

бірде-бір тұрғын үй бағдарламасының өлшеміне сай келмейді. Олардың «Отбасы банк» АҚ-да бастапқы жарнаның 50% -ын жинау мүмкіндігі жоқ.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, қарыз шарттарына қойылатын төмендегі  талапты қарастыруыңызды сұраймыз:

1) «Нұрлы жер және «Шаңырақ» бағдарламалары бойынша отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табыс өлшемін 3,7 ең төменгі күнкөріс деңгейінен 6 ең төменгі күнкөріс деңгейіне жеткізу керек.

2) «Бақытты Отбасы» «2-10-20» бағдарламасы бойынша қарыз көлемін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында 18 млн, басқа өңірлерде 13 млн теңгеге дейін ұлғайтылуы тиіс.

3) Тұрғын үй кезегінде тұрған  мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне «Отбасы банк» АҚ-да тұрғын үйдің бастапқы жарнасын 50%-дан 30%-ға қысқарту қажет.

Бұл шаралар тұрғын үй кезегінде тұрған мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлерінің санын қысқартуға және табысы 3,7 ең төменгі күнкөріс деңгейінен асатын азаматтардың тұрғын үймен қамтылуына ықпал етеді

Депутаттық сауалды қарауды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тәртіппен жауап беруді сұраймыз.

Құрметпен,

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары:

Ж. Ахметбеков

А.  Қоңыров

И. Смирнова

Ф.  Қаменов

Ж. Ахметбеков

З. Құлахметов

А. Милютин

А. Паяев

С. Решетников

А. Сқақова

Е. Смайлов

16.06.2021 ж. жарияланды

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS