fbpx

А.А.Смайловқа депутаттық сауал Сәрсенбі, 16 Маусым 2021 11:43

Қазақстан Республикасы 

Премьер-министрінің

бірінші орынбасары

А.А.Смайловқа 

Депутаттық сауал

Құрметті Алихан Асханұлы!

Тәуелсіздік жылдарында біздің мемлекетіміз Қарулы Күштеріміздің, әскери қызметшілердің және арнайы қызмет өкілдері мен басқа да бөлімшелердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлді.

Жасыратыны жоқ, бүгінде біздің әскеріміз барлық қазақстандықтардың мақтанышы, ал әскери қызмет құрмет пен беделге ие. Бұған жастардың әскер саласы мен әскери қызметке ерекше құлшыныс танытуы дәлел.

Жыл сайын қарулы күштерді материалдық жағынан қаржыландыру көлемі өсіп жатыр. Заңнамаға өзгеріс енгізіліп, кадрлардың әлеуетін арттыруға басымдық берілуде. Келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметшілердің қатары көбейіп келеді.

Аягөз, Гвардия, Талдықорған, Қапшағай, Жаркент, Сарыөзек, Луговой, Жетіген, Арыс, Шымкент әскери гарнизондарының бұрынғы әскери қызметшілері, ТЖМ және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мәселесін зерделеу барысында қолданыстағы заңнаманың кемшілігі бар екені анықталды. Бұл міндетті шешу үшін «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы заңы қызметтен кеткен әскери қызметкерлерді 3 санатқа бөледі:

- 2013 жылға дейін жұмыстан шығарылғандар;

- 2013-2018 жылдар арылығында жұмыстан шығарылғандар;

- 2018 жылы шығарылғандар;

Әр санатқа әртүрлі норма қолданылады.

Біздің ойымызша, бұл кемшіліктерді алып тастап, барлығына бірыңғай норма қолдану қажет. Бұл жағдайда біз бұрын қызмет еткен әскери қызметшілер үшін міндетті 10 және 20 жыл қызмет ету мерзімінің талабын қолдану кемсітушілік болып табылады деп санаймыз.

Осыған байланысты көрсетілген нормаларға сәйкестендіру запасқа шығарылған әскери қызметшілерді әскери қызметтен шығару жылдары бойынша бөлуді көздейтін заңның 55-бабының 6; 6-1; 7-тармақтарын алып тастап, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға өзгеріс енгізу қажет.

Тұрғын үй айырбастауға қатысты тағы бір даулы норма заңның 98-бабында реттелген және 2013-2018 жылдар аралығында жұмыстан босатылған адамдарға қатысты қолданылады. Бұл заң іс жүзінде өзінің дәрменсіздігін көрсетті. Өйткені сот талабын қарау кезінде 101-баптың 5-тармағы негізінде меншік иесінің келісімі талап етіледі. Әдетте әскери бөлім командирі тұрғын үй қорының болмауына байланысты келісім беруден бас тартады. Осыған байланысты 101-2-б.,4-т. және 98-б. алып тастау және жұмыстан босатылған барлық адамдарға қатысты 101-2-б.,5-т. және 6-т. нормаларын қолдану ұсынылады.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 5-тармақшасына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 43-бабына сәйкес заңның кері күші болмайды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 4-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтық заң актілерінің кері күші болмайды және олар қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған қатынасқа қолданылады. Бұл қағидаттан бұрын қызмет еткен адамдарға олардың жағдайын жақсартатын жаңа нормаларды қолдануға болады, бірақ олардың жағдайын нашарлататын норма ретінде емес, тұрғын үй төлемін алу және қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру үшін ақысыз, күнтізбелік есептеуді 10-20 жылдық қызмет мерзімін талап етеді.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 - бабының 29 тармақшасында еңбек сіңірген жылдары – азаматтың әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында қызметте, фельдъегерлік қызметте болуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда күнтізбелік  жеңілдікті есептеу арқылы көрсетілген. Яғни құқық қорғау органындағы қызмет еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін есептеу үшін еңбек сіңірген жылдарына қосылады. Алайда тұрғын үй төлемдерін тағайындау кезінде көрсетілген тармақ қолданылмайды, бірақ әскери қызмет мерзімі ұғымы күнтізбелік есептеуде қолданылады, бұл әскери қызметшілердің құқығын бұзу болып табылады. Өйткені құқық қорғау және басқа да арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет есепке алынбайды. Тұрғын үй төлемдерін есептеу кезінде еңбек сіңірген жылдарды негізге алу әділетті болады.

Заңның 101-9-бабының 2-тармағын қоспағанда, осындай құқықты іске асыруға кедергі келтіретін, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін болған жағдайда да заңнамалық шешімді талап етеді. Қаза тапқан әскери қызметшілердің бірқатар отбасыларының жағдайын уақыт оздырмай реттеу қажет. Олар қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген. Бұл санат үшін ақшалай өтемақы төлеуді және тұрып жатқан қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру құқығын мұрагерлікке ауыстыруды  заңмен бекіту керек.

Бұрынғы әскери қызметшілердің арасында соттың бірінші инстанциясының талаптарын қанағаттандырған және тұрғын үй өтемақысын алған адамдар санаты бар. Бірақ соттың Жоғарғы инстанциясының шешімі бойынша бұл шешімдер алынып тасталды және қазір олар ақшаны бюджетке қайтаруға мәжбүр. Оларға қатысты заңнамаға өзгеріс енді. ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынысы бойынша соттардың осы шешімін қайта қарау қажет деп санаймыз.

Қазақстан өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялады. Заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, ӘК өтемақы төлеуден бас тартты. Ал ақшаны бюджетке қайтаруға мәжбүрледі. Осылайша әскери қызметшілердің конституциялық құқығы бұзылды. ТЖМ бірінші кезекте өзінің бұрынғы әскери қызметшілерін әлеуметтік қорғау үшін жауап береді, сондықтан аталған ведомствоны осы мәселені шешуде оларды реттеу жолын іздестіруге міндеттеу қажет деп санаймыз.

Депутаттық корпус жылдар бойы жинақталған мәселелердің түйіні әп-сәтте шешу мүмкін емес екенін түсінеді. Алайда Үкімет «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы бойынша азаматтардың мәселесін шешетініне сенеді.

Құрметпен,

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары:

Ғ. Құлахметов

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

А. Паяев

А. Милютин

И. Смирнова

Ф. Қаменов

С. Решетников

А. Сқақова

Е. Смайлов

16.06.2021 ж. жарияланды

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS