fbpx

Үкімет өкілдері ұсыныстарының дұрыстығы туралы Бейсенбі, 30 Қыркүйек 2021 12:33

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

А.Ұ. Маминге

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Үстіміздегі жылдың 2 қыркүйегінде өткен Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев микро және шағын бизнесті тексеруге берілген рұқсатты қайтарып, мораторийді жоюды сұрады. Сөзбе-сөз: «2020 жылдан бастап енгізілген тексерулерге үш жылдық мораторий кассалық тәртіпті төмендетті. Жосықсыз кәсіпкерлер бұл бастаманы салықтан жазасыз жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдады. Осыған байланысты микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторийді алып тастау мәселесін қарастыруды ұсынамыз».

Қаржы министрінің бастамасын кәсіпкерлер теріс қабылдады, депутаттық корпус сынға алды.

Қаржы министрінің ұсынысы Президенттің тапсырмасын бұзатыны атап өтілді, өйткені мораторийді Мемлекет басшысы 2023 жылға дейін тексеру қызметін қайта қарау, саясатты жазадан алдын алуға қайта форматтау үшін енгізген болатын. Сонымен қатар мораторий пандемия басталғаннан кейін шағын бизнесті шамадан тыс әкімшілік қысымнан қорғауға мүмкіндік берді.

Депутаттар Қаржы министрлігінің алаңдаушылығын түсінеді, оған бюджетті толықтырудың жоспары жүктелген.

Үкіметке тексерістерді қайтару жоспарынан бас тартуға және адал кәсіпкерлерді қорғауға шақыратын депутаттық сауал жолданды.

 Депутаттарды сарапшылар қауымдастығы да қолдады: «Қаржы министрлігі Президенттің Жолдауынан кейін бір түн ішінде тексеруге мораторийді жоюдан басқа ештеңе ойлап тапқан жоқ. Мораторийді жою бұл -қажет емес шара! Қаржы миністрлігі кешірім сұрап және өз сөзін қайтарып алуы тиіс». 

2021 жылдың 23 қыркүйегінде өткен Үкімет брифингінде сын мен негативтің толқуынан кейін Қаржы министрлігінің басшысы журналистерге мораторийді жою туралы сөз болып отырған жоқ, бұл мәселе жосықсыз кәсіпкерлерді жауапкершілікке тарту бөлігінде ғана көтеріліп отырғанын түсіндірді.

Сонымен қатар қаржы мониторингі агенттігі соңғы 4 жылда Қазақстандағы «көлеңкелі» экономика деңгейі 29-дан 20 пайызға дейін төмендегенін, яғни адал кәсіпкерлердің саны өсіп келе жатқанын атап өтті.

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Үкіметті алдағы уақытта осындай сипаттағы мәлімдемелерге жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Қазақстан билігінің барлық тармақтары үшін әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдағы өзара сенім басымдыққа ие болуға тиіс.

Құрметпен,

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары:                                        

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Ф. Қаменов

Г. Құлахметов

А. Милютин

А. Паяев

С. Решетников

А. Сқақова

Е. Смайлов

И. Смирнова

30.09.2021 ж. жарияланды

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS