fbpx

Қазақстанға сараланған тарифті қайтару туралы Сәрсенбі, 06 Қазан 2021 12:09

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің

орынбасары

Р.В Склярға

Депутаттық сауал

Құрметті Роман Васильевич!

2017 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бастамасы бойынша "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына тәулік аймақтары бойынша сараланған тарифтерді алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізілді. Уақыт көрсеткендей, бұл бәсекелестік пен нарықты реттеуге әсер етті. Сараланған тарифтерді алып тастағаннан кейін тұтынушылар, оның ішінде шағын және орта бизнес айтарлықтай шығындарды көтере бастады.

Электр энергиясының профицитіне қарамастан, оның бағасы өсіп жатыр. Нәтижесінде азаматтар мен ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің шығындары артты. Бүгінде электр энергиясының қымбаттығынан ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеушілер де, сондай-ақ ауыл тұрғындары да зардап шегуде.

Қазақстан Халық партиясының фракциясы  2011 жылы барлық жерде енгізілген тәулік аймақтары бойынша сараланған тариф туралы мәселені қарау қажет деп санайды. Шын мәнінде, бұл тәжірибе электр энергиясын үнемді пайдалануға ынталандыру арқылы өзін ақтады. Түнгі режимде жұмыс істеген кәсіпорындар өз қаражаттарын үнемдеді. Сонымен қатар, жүйе электр жүйесіндегі жүктемелердің күнделікті кестесін теңестірді. Көптеген компаниялар мен кәсіпорындар үш сатылы жұмыс режиміне көшу үшін қажетті жабдықтар мен қымбат есептеу құралдарын сатып алды, бірқатар кәсіпорындар түнгі уақытта жұмыс істеу үшін өздерінің бизнес-процестерін қайта құрды.

Осылайша, көмір станцияларының жүктеме кестесі тегістелді, белгіленген қуатты пайдалану коэффициенті жақсарды, станцияның мүмкіндіктері тиімді пайдаланылды, тұтыну кешкі максимумға төмендеді және түнгі уақытта өсті. Шағын және орта бизнес, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер түнгі жұмыс режиміне ауысып, арзан түнгі электр энергиясын артық көрді, осылайша нарықтық механизм жұмыс істеді.

Сарапшылар сараланған тарифті біріктіргеннен кейін құрылыстың жаңа маневрлік қуаттарына инвестициялар тарту схемасы жеңілдетіліп, түсінікті болады, өйткені әлеуетті инвестор  кешкі максимумның реттеуші қуат бағасын түсінеді және сәйкесінше өзінің пайдасын көреді. Сондай-ақ, тапсырыс берушіге режимді теңестіру үшін қажет электр энергиясының нақты бағасын біліп, келіссөздер жүргізу оңайырақ болады.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы қазіргі әлемдегі жаһанданудың ажырамас бөлігі болып табылатын электромобильдерді, цифрландыруды, ақылды желілер жүйелерін болашақта интеграциялауға да қатысты.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Сізден депутаттық сауалды қарастыруды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен жауап беруді сұраймыз.

Құрметпен,

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі

ҚХП фракциясының мүшелері:                                                                       

Ж. Ахметбеков

Ф.Қаменов

З.Құлахметов

А.Қоңыров

А.Милютин

А.Паяев

С.Решетников 

А.Сқақова   

Е.Смайлов

И.Смирнова

06 қазан 2021 ж. жарияланды

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS