fbpx

АҚО қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік кепілдігін арттыру туралы Сәрсенбі, 10 Қараша 2021 12:02

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

Депутаттық сауал

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Қазіргі жағдайда ТЖМ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайға ден қою жөніндегі жедел қызмет болып табылады. Осы ержүрек мамандық өкілдері  тәулік бойы өртті назарда ұстайды. Азаматтық қорғау органдары (бұдан әрі - АҚО) қызметкерлерінің қызметі денсаулық пен өмірге қауіп-қатермен ұштасатын жоғары психологиялық және дене жүктемесі жағдайында жүзеге асырылады.

Соңғы жылдары мемлекет АҚО қызметкерлерін әлеуметтік қорғау шараларын күшейту мәселесіне ерекше назар аударуда.

Мәселен, 2017 жылғы 1 сәуірден бастап АҚО қызметкерлерінің сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы мөлшері 30% - ға дейін арттырылды. Бұған қоса 2017 жылғы 1 шілдеден бастап АҚО қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 25% - ға ұлғайды, ал 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап атқаратын функцияларына қарай АҚО қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақысы 20 - дан 65% - ға дейін сараланып, өсті.

Мысалы, бұрын өрт сөндірушінің орташа жалақысы (еңбек өтілі 9-11 жыл, "1-сыныпты маман" сыныптық біліктілігі бар АҚО сержанты атағы) 80-90 мың теңгені құраса, көрсетілген арттырудан кейін айына 141 604 теңгеге дейін жетті.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 20 қарашадағы тапсырмасын іске асыру мақсатында 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің лауазымдық жалақысын кезең-кезеңімен арттыруды көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 954 ("Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін қызметкерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы №646 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы") қаулысы қабылданды.

АҚО қызметкерлері еңбекақысының кезең-кезеңмен көтерілуіне қарамастан, бірінші кезекте қажетті тауарларға, коммуналдық қызметтерге, сондай-ақ тұрғын үйді жалға алуға бағаның жыл сайын өсуі байқалады. Өрт сөндірушінің 154 114 теңге мөлшеріндегі орташа жалақысы көрсетілген барлық шығыстарды толық көлемде өтемейді.

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік қамсыздандырудың жеткіліксіздігі, олардың тұрғын үй мәселесінің шешілмеуі, өрт сөндіруші мамандығы беделінің төмендеп кетуі мемлекеттік өртке қарсы қызмет кадрларын тығырыққа тіреді.

Қазақстан Халық партиясы парламентте бірнеше рет азаматтық қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын жақсарту және материалдық қамтамасыз етілуін арттыру мәселесін көтерді.

БАҚ ақпараты бойынша, 2020 жылы қызметтік міндетін орындау кезінде бір өрт сөндіруші қаза тауып, 12 адам жарақат алды. Өлім өткен жылдың қыркүйегінде болды. 1974 жылы туған қызметкер Сисеналиев Жангелді Әліпқалиұлы өрт сөндіру көлігінде алдыңғы доңғалақтың герметизациясынан жол-көлік апатына түсті. Салдарынан сол жерде жан тапсырды.

2021 жылдың басында Павлодар облысында жас өрт сөндіруші қайтыс болды. Газ-түтіннен қорғау қызметі буынының жұмысы кезінде Ақсу қаласының №12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі 1997 жылы туған азаматтық қорғау сержанты Арыстанбек Машраптың хал-жағдайы нашарлады. Өрт орнынан сержант ес-түссіз күйде Ақсу кентінің ауылдық дәрігерлік амбулаториясына жеткізілді, онда көп ұзамай оның қайтыс болды. Өрт кезінде оның әріптесі де зардап шекті.

26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде оқ-дәрі қоймаларының бірінің жанында өрт шықты. Нәтижесінде ауруханаларға 100-ге жуық зардап шегуші, оның ішінде 49 ТЖМ қызметкері түсті. Соңғы мәлімет бойынша қаза тапқандар саны 17 адамға жетті, оның 10-ы ТЖМ қызметкерлері болды.

Мұндай жағдайлар өте көп. Азаматтық қорғау органдарының қызметі басқалардың өмірі үшін өз өмірінің тәуекелімен сипатталады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты біз мынаны ұсынамыз:

  1. Арнайы атақ берілген АҚО қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру.

Тұрғын үйдің болмауы қызметкерлердің басты мәселесі болып табылады. Өрт сөндірушінің орташа жалақысы жеке тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ тұрақты тұру үшін жайлы тұрғын үйді жалға алуға мүмкіндік бермейді. Осылайша қызметкерлер санитарлық нормаларға сәйкес келмейтін пәтерлерді, бөлмелерді жалға алуға мәжбүр болады. Бұл қызметкерлердің психологиялық және моральдық жағдайына теріс әсер етеді.

  1. Азаматтық қорғау органдары құтқарушыларының құтқару қызметінде болуының шекті жасын төмендету.

Құтқарушылар жұмыс істейтін жағдайлар экстремалды болып табылады, олардың күнделікті жұмысы өмір мен денсаулық үшін тұрақты тәуекелмен, ауыр физикалық және психоэмоционалдық жүктемемен ұштасады.

Жасы ұлғайған сайын құтқарушыларға ауыр жүктемелермен күресу қиындай түседі, қалпына келтіру процесі жылдарға созылады.

60 жасында құтқарушылар биіктіктерде, су астында, үйінділерде ептілік, икемділік және төзімділік сияқты физикалық қасиеттерді көрсетуді талап ететін ерекше жұмыс түрлерін орындай алмайды.

  1. АҚО қызметкерлерін басқа жерге көшумен байланысты қызмет бойынша ауыстыру және жоғарылату кезінде көтерме жәрдемақы төлеу, сондай-ақ өз мүлкін тасымалдау шығынын өтеу.

Соңғы үш жылда (2018-2020 жж.) қызмет бойынша ауыстырылған офицерлер құрамының АҚО қызметкерлерінің жалпы саны 86 адамды және олардың 252 отбасы мүшелерін құрады.

  1. Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен және ІІО қызметкерлерімен ұқсас жауынгерлік іс-қимылдарға жақындатылған жағдайда жұмыс істегені үшін МОКБ қызметкерлеріне (арнайы атақ берілген әскери қызметшілер мен МОКБ қызметкерлеріне) үстемеақы төлеу.

Бұл ұсыныстар АҚО қызметкерлерін әлеуметтік қамтамасыз етуді жақсартуға, бөлімшелердің кәсіби кадрлармен жасақталуына, сондай-ақ қызметкерлерді материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мәселелерінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге оң әсерін тигізетін кәсіптің беделін арттыруға бағытталған.    

Депутаттық сауалды қарауды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен жауап беруді сұраймыз.

Құрметпен,

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары:     

Ж. Ахметбеков

А.Қоңыров

Ф.Қаменов

Ғ.Құлахметов

А.Милютин

А.Паяев

С.Решетников 

А.Сқақова   

Е.Смайлов

И.Смирнова

09.11.2021 ж. жарияланды

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS