fbpx

Коммуналдық қызметтерге баға белгілеу туралы Сәрсенбі, 13 Сәуір 2022 12:02

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

Ә.А. Смайыловқа

Депутаттық сауал

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Коммуналдық қызметтерге баға белгілеу бұл – елдегі ең өткір әлеуметтік мәселелердің бірі.

Коммуналдық қызметтерге тариф белгілеудің ашықтығы мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Біздің ойымызша, энергиямен жабдықтау саласында тариф белгілеуді әділ және ашық реттеуге мынадай факторлар кедергі келтіреді.

Біріншіден, электр энергиясына тарифтің үш құрамдас бөлігінің тек энергия беруші ұйымдардың тарифтері және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың үстемеақылары ғана айқын болып табылады. Бұл ретте энергия өндіруші ұйымдардың тарифтері ашық емес болып табылады. Олардың тарифтерін монополияға қарсы орган емес, Энергетика министрлігі реттейді және олар жалпыға бірдей қол жетімді емес. Сондықтан электр энергиясының тарифтерін талқылау кезінде негізгі байланыс пайда болады: электр энергиясын өндірушінің сату бағасы.

Екіншіден, Қазақстанда тарифтерді бір қызметтен басқасына ауыстыру орын алып отыр.

Мысалы, жылу және электр энергиясын өндіретін ЖЭО тарифтерін екі мемлекеттік орган реттейді: жылу - Табиғи монополияларды реттеу комитеті, электр энергиясын  – Энергетика министрлігі. Олар әртүрлі әдістермен реттеледі, нәтижесінде ЖЭО-ның жылу өндіру шығындары электр энергиясының тарифтерінде ескеріледі.

Бұл ЖЭО-дан шалғай (осы ЖЭО-дан жылу алмайтын) өңірдегі электр энергиясын тұтынушы өзі алмайтын жылу өндіруге байланысты ЖЭО шығындарын төлеуге мәжбүр болуына алып келеді.

Үшіншіден, Қазақстанда электр энергиясының бәсекелес нарығының болуы туралы пікір, біздің ойымызша, қате болып табылады. Бұған дәлел, елде өндірілетін электр энергиясының барлық дерлік көлемі тұтынушылар мен Станциялар арасындағы екі жақты келісімдер арқылы жүзеге асырылады. Екі жақты шарттарға негізделген нарықтың мұндай құрылымы нарықта бәсекелестіктің жоқтығын айғақтайтыннан басқа, электр энергиясының тапшылығын тереңдетеді және басқа да жағымсыз жақтарды негіздейді. Мысалы, Согра ЖЭО экономиканың нақты секторына және халыққа зиян келтіре отырып, өндірілген электр энергиясының барлығын дерлік тау-кен крипто фермасына жеткізеді, тіпті қуат нарығынан да кіріс алады.

Электр энергиясының айтарлықтай профициті болмаған жағдайда (басқа торварлы нарықтарға ұқсас) бәсекелестік нарықтың болуы мүмкін емес сияқты. Сондықтан орталықтандырылған сауда-саттық арқылы бәсекелестікті дамытудың барлық әрекеттері тиімсіз болып көрінеді. Біздің ойымызша, электр энергиясы нарығында бәсекелестікті дамыту идеясынан бас тарту және "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 50-қадамын орындау шеңберінде құрылған бірыңғай сатып алушыға бүкіл ел бойынша станцияларда бірыңғай тарифті қамтамасыз ету функциясын заңнамалық тұрғыдан беру орынды болып табылады.

Осы айтылғандарға байланысты, құрметті Әлихан Асханұлы,:

1) кәсіпорындар шығындарының өзін-өзі ақтауын қамтамасыз ететін тарифтерді бекітудің ашық және әділ тетігін айқындай отырып, ЖЭО-да жылу мен электр энергиясына тарифті бекіту жөніндегі функцияны бір мемлекеттік органға беру мәселесін қарау;

2) энергия өндіруші ұйымдардың тариф белгілеуі және халық үшін олардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде Үкімет қабылдайтын шаралар туралы мәліметтер беруге міндетті;

3) бізге электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға ел бойынша станцияларда бірыңғай тарифті қамтамасыз ету жөніндегі функцияны беруге қатысты Үкіметтің ұстанымы туралы хабарлауға міндетті.

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары:

А. Милютин

А. Қоңыров

А. Сқақова

Ж. Ахметбеков

Г. Нұғманова

М. Магеррамов

А. Паяев

Е. Смайлов

И. Смирнова

13.04. 2022 жарияланды

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS