fbpx

Мүгедек балалар мен ересектердің ата-аналары және қамқоршыларына жалақы белгілеу туралы Сәрсенбі, 27 Сәуір 2022 11:25

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің

орынбасары

Е.Л. Тоғжановқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Ералы Лұқпанұлы!

Қазақстан Халық партиясының фракциясы бұл депутаттық сауал арқылы Үкімет тарапынан шешуді талап ететін бірқатар әлеуметтік проблемаларға кезекті рет назар аудартады.

Мемлекет басшысының Үкіметке 2019 жылы қолжетімді жерде оңалту орталықтарын ашу туралы тапсырмасына қарамастан, бұл мәселе әлі күнге дейін шешімін таппады. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар  оңалту  орталықтарына кезекті ұзақ күтуге мәжбүр.

ҚР Конституциясына сәйкес, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін әрбір адамға белгілі бір күнтізбелік күнге жыл сайынғы ақы төленетін демалысқа кепілдік беріледі. Ол демалуға, жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруге, денсаулығын және жеке қажеттіліктерін нығайтуға арналған. Бірақ көп жағдайда мүгедектігі бар баланың ата-анасы, әсіресе әйелдер еңбек демалысын баланы  оңалту процедураларынан өткізу үшін пайдаланады. Бұл еңбек күшін қалпына келтіру, денсаулықты және жеке қажеттіліктеріңізді нығайту демалысына ұқсай ма?

 Біз мұны Конституция кепілдік берген норманы орындамау және әлеуметтік әділетсіздік деп атаймыз. Ата-ананың өзінің лайықты демалысына нұқсан келтірмей, барлық қажетті рәсімдерді өткізуге мүмкіндігі болуы үшін Еңбек кодексін мүгедектігі бар баланың қамқорлығындағы жұмыскерге ақы төленетін әлеуметтік еңбек демалысына құқық беретін нормамен толықтыру қажет деп санаймыз. Мысалы, мұндай демалысты 12 күнтізбелік күнде анықтауға болады, оны осындай қызметкері бар ұйымға мемлекет төлейді.

 Мүгедек балалар мен ересектерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мүгедектігі және мүгедек адамға күтім жасау бойынша төмен жәрдемақылар, мүгедектер арбаларын алу, олардың сапасы мен пайдалану мерзімдері, мүгедектікті айқындау үшін медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту және қайта куәландыру мәселелері өзектілігін жойған жоқ.

Айқын аурулар бойынша мүгедектікті тұрақты түрде дәлелдеу практикасын тоқтату керек деп санаймыз. Мүгедектігі бар балалар мен ересектердің және олардың отбасыларының онсыз да күрделі өмірін жеңілдетіп, қиындатпау керек. Ақыл-ой кемістігі бар балалар техникалық оңалту құралдарына қол жеткізе алмайды.

Біз қазір ақыл-ойы бұзылған балалар туралы айтып отырмыз, олардың ақыл-ой мүмкіндіктері ноутбуктерде оқуға, сондай-ақ арнайы бағдарлама бойынша оқуға мүмкіндік береді.

 Өткен шақырылымда біздің фракция мүгедек балаларға бір мезгілде әлеуметтік жәрдемақы және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алу мүмкіндігіне қол жеткізді. Бұл мәселе оң шешімін тапты, енді мұндай мүмкіндік бар. Бірақ мүгедектігі бар ересектер туралы мәселе ашық күйінде қалып отыр. Олар таңдау жасауға тиіс: мүгедектік бойынша жәрдемақы немесе зейнетақы. Бұл жағдайда мемлекет ұсақталуы тиіс емес деп санаймыз.

Үкіметті бұл мәселені мүгедектігі бар ересек адамдарда мұндай таңдау болмайтындай етіп шешуге және оларға қажетті жасқа жеткен кезде әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақы алуға заңды құқық беруге шақырамыз.

Біз өз балаларының ауыр сырқаттарына байланысты үнемі олардың жанында болуға және оларға күтім жасауға мәжбүр ата-аналардың проблемаларын шешу мәселесін бірнеше рет көтердік, бұл оларға ресми еңбек етуге және тиісінше зейнетақы аударымдарын жүргізуге, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушысы болуға мүмкіндік бермейді.

Мәжілістің өткен пленарлық отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жұмыс тобы құрылғанын, ең төменгі зейнетақы алуға кепілдік беру туралы шешім ойластырып жатқанын айтты. Біз бұл тәсілмен келіспейміз. Бұған дейін министрлік бұл азаматтарға мемлекеттік базалық зейнетақы алуға кепілдік беретіндігіне және мүгедек бала күтімі бойынша жылдар еңбек өтіліне қосылатынына пиар жасаған болатын. Бірақ қазір, біз бұл қандай да бір жетістік ретінде ұсынуға болатын жағдай емес екенін дәлелдедік, өйткені базалық зейнетақы бұл - біздің бағаның тұрақты өсуі кезіндегі шамалы сома, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атап өткен өтіл зейнетақыны алуға ешқандай әсер етпейді, сондықтан әлеуметтік ведомствоның пікірінше, олар алдағы уақытта оларға ең төменгі зейнетақы беруге батыл қадам жасап жатыр.

Әзірге министрлік болашаққа бағдар жасап жатыр, ал біздің азаматтар қиындықты қазіргі таңда бастан кешіп отыр.  Жақында мен 17,5 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған Гүлнар Усмановадан хат алдым. Неліктен 17,5 дейін? Себебі оның баласы осы жаста қайтыс болды. Ол жылдар бойы баласына қамқорлық жасады, қазір ол 53 жаста, еңбек өтілі, зейнетақы жинағы, денсаулығы да жоқ. Министрліктің оған ұсына алатыны – мемлекеттік базалық зейнетақы, ол бүгінгі күні 19 450 теңгені құрайды. Сонда  Үкіметке «бұл адамдар қазіргі кезде қалай өмір сүреді?» деген сұрақ туындайды.

Біз Үкіметті өз бетінше күтім жасай алмайтын немесе аурудың ауыр түрі бар балалар мен мүгедек ересектерге күтім жасайтын ата-аналар мен қамқоршыларға жалақы белгілеуге шақырамыз.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Үкіметтен осы мәселе бойынша шұғыл шаралар қабылдауды және «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес, заңнамада белгіленген мерзімде депутаттық сауалға жазбаша жауап беруді сұраймыз.

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары:

М. Магеррамов

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Г. Құлахметов

А. Милютин

Г. Нұғманова

А. Паяев

А. Сқақова

Е. Смайлов

И. Смирнова

 27 сәуір 2022 жылы жарияланды

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS