fbpx

Қалалардағы нүктелі құрылыс кезіндегі әлеуметтік шиеленісті төмендету туралы Сәрсенбі, 27 Сәуір 2022 11:20

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің

орынбасары 

Р.В. Склярға

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Роман Васильевич!

Елде бірінші кезекте, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы нүктелі және тығыз құрылыс мәселесіне назар аудару қажет. Соңғы жылдары әкімдіктер мен мердігерлердің нүктелі құрылысқа қатысты шешімдері азаматтардың наразылығын туғызып жүр. Бұған сәулет және қала құрылысына қатысты шешімдердің жабық жағдайда қабылдануы себеп болып отыр.

Өңірлердің деңгейіндегі мәселелер шешілмейді. Заңнамалық тұрғыда бекітілген Үкімет деңгейінде жүйелі шешім қажет.

Шешімдер жабық жағдайда қабылданады, олардың нәтижесі жоғарыдан төменге түседі, ал азаматтар бұл туралы кейін хабардар болады.

Осылайша жүргізілген қала құрылысы жүйесіз дамуға, қала ортасының, жасыл аймақтың, қоғамдық кеңістіктің тозуына әкеліп соқтырады.

Қаланы дамыту мәселелерін шешуге азаматтар мен сарапшыларды тарту тетігінің болмауы әлеуметтік шиеленіс тәуекелін арттырады және қалалардың теңгерімді дамуына қауіп төндіреді. Бұл олардың экономикалық және креативті өсу орталығына айналуына жол бермейді.

Бұл жағдай «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына, Мемлекет басшысының наурыздағы Жолдауында белгілеген саяси реформалардың бағыттарына сондай-ақ билік пен қоғамның тұрақты диалогына қайшы келеді.

Тәуелсіз сарапшыларды, азаматтық қоғам институттары мен жергілікті қоғамдастық өкілдерін тарту арқылы ғана неғұрлым сапалы шешім қабылдауға, қоғамдағы шиеленіс деңгейін төмендетуге және әкімдіктердің есептілігін күшейтуге болады.

Азаматтарды қала туралы шешім қабылдау үдерісіне тартпай, қала тұрғындарының қажеттілігін қанағаттандыруға қол жеткізу мүмкін емес. Бұл –  жергілікті деңгейде саясат жүргізу кезіндегі әкімдіктердің негізгі міндеті.

Мұндай тетіктерді енгізу мемлекеттік сектор үшін жергілікті жерлерде мемлекеттік басқару сапасын арттыру, қалаларды теңгерімді дамыту, қалалардағы өмір сүру сапасын жақсарту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сынды маңызды артықшылыққа ие.

Барынша ашық және түсінікті рәсімдер ғана Қазақстанды жобалау саласындағы үздік халықаралық тәжірибелерге жақындатып, қалаларымыздың бизнес-климатын жақсартады. Осы бағыттағы зерттеулер мен сәулет және қала құрылысы саласындағы басқару үдерісінің ашықтығын арттыруға байланысты бастамаларды ілгерілету бойынша төмендегіні жүзеге асыру қажет санаймыз:

Тәуелсіз пәнаралық топтар жоба алдында зерттеу жүргізуге, құқықтық мәртебесі нақты белгіленген шешім қабылдау үдерісіне институционалдық тұрғыдан кіріктірілуге тиіс. Бұған қоса тәуелсіз консультативтік-кеңесші органдар құрылуы керек. Ол президенттің рөлін күшейту жөніндегі саясатқа толық жауап береді. Атап көрсетерлігі, маңызды немесе ірі учаскелер үшін сәулет конкурсын өткізу қажет.

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары:

Е. Смайлов

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Г. Құлахметов

А. Милютин

М. Магеррамов

Г. Нұғманова

А. Паяев

А. Сқақова

27.04.2022 жылы жарияланды

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS