fbpx

Жылу энергетикасы саласында бірыңғай саясаттың қажеттілігі және оны іске асыруға жауапты ведомство құру туралы Сәрсенбі, 11 Мамыр 2022 10:58

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің

орынбасары 

Р.В. Склярға

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Роман Васильевич!

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары елдегі жылу энергетикасы саласындағы ахуалға байланысты алаңдаушылық білдіруде.

Тұтынушыларды сенімді және үздіксіз жылумен қамтамасыз ету азаматтардың әл-ауқатының негізгі көрсеткіші және халықтың өркениетті өмірі үшін маңызды қажеттілік болып табылатыны белгілі.

Осы жылдың көктемінде қала тұрғындарын бірнеше күн жылусыз қалдырған Степногорск ЖЭО-да болған апат – алаңдатарлық фактор. Бұл – еліміздің барлық елдімекендерін үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін дереу шара қабылдау қажеттігінің белгісі. Себебі Қазақстанда көптеген ЖЭО, соның ішінде Степногор ЖЭО 50 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген. ЖЭО-ның, қазандықтардың, жылу желілері мен жылу тұтыну жүйелерінің негізгі және қосалқы жабдықтарының моральдық және физикалық тозуы шекті деңгейге жетті және олар кез келген уақытта істен шығуы мүмкін. Бұған жылумен жабдықтау жүйелеріндегі апаттардың жыл сайын орын алуы дәлел.

Фракция депутаттарының пікірінше, мұндай жағдайға басты себебі Қазақстанда жылу энергетикасы саласында бірыңғай саясат, сондай-ақ оны іске асыратын мемлекеттік органның жоқтығында.

ЖЭО үшін Энергетика министрлігі, қазандықтар үшін – жергілікті атқарушы органдар, жылу желілері үшін – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және жергілікті атқарушы органдар жауапты.

Тарифтерді реттеу үшін Ұлттық экономика министрлігі жауапты.

Бұл органдардың құзыреттері нақты ажыратылмаған.

Ведомстволардың осындай бытыраңқылығы және Жылу энергетикасы саласында бірыңғай саясаттың болмауы салдарынан ЖЭО қазандықтары мен турбиналарын уақытылы жаңғырту және жаңарту, сондай-ақ жылу желілерінің тозған құбырлары мен сорғы жабдықтарын жоспарлы ауыстыру қамтамасыз етілмейді. Сондықтан Степногор жағдайына ұқсас жағдай еліміздің кез келген елдімекенінде қайталануы мүмкін.

Бұған жол бермеу үшін құрметті Әлихан Асханұлы Сізден Үкіметтік деңгейде:

1) жалпы республика бойынша жылу энергетикасы мен жылумен жабдықтау жағдайына талдау жасау;

2) Жылу энергетикасы саласындағы бірыңғай саясатты әзірлеу және оны іске асыруға жауапты ведомство құру;

3) ЖЭО (қазандықтар) мен жылу желілерінің жабдықтарын уақытылы жаңғыртуды және жаңартуды көздейтін елдімекендерді жылумен жабдықтау жүйелерін дамытудың перспективалық жоспарын әзірлеуді сұраймыз.

Біздің сауалымызға жауапты белгіленген мерзімде жазбаша түрде ұсынуды сұраймыз.

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары:

А.Милютин

А.Қоңыров           

Ж.Ахметбеков

Ғ.Құлахметов                      

М.Магеррамов

Г.Нұғыманова                                                               

А.Паяев

Е.Смайлов

А.Сқақова  

И.Смирнова       

11.05. 2022ж. жарияланды

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS