fbpx

Мүгедек балалар мен ересектерге стоматологиялық қызмет көрсету туралы Сәрсенбі, 25 Мамыр 2022 12:20

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің

орынбасары

Е.Л. Тоғжановқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Ералы Лұқпанұлы!

Депутаттық сауал тіс емдеуді қажет ететін мүгедек балалар мен ересектерге қатысты. Көптеген ата-аналар мүгедектігі бар балалардың тісін емдеу үшін көмек сұрайды, алайда қазіргі таңда оларға ем  қабылдай алмайтын жағдай туындап отыр. Бекітілген емханалары арқылы балалар тістерін ақысыз емдететін. Оларға облыстық стоматологиялық клиникаға жолдама берілетін. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бұйрығының болмауының салдарынан клиникалар медициналық қызмет көрсету үшін емханалармен келісім жасай алмайды.

«Облыстық стоматологиялық емхана» ШЖҚ КМК бұл – ерекше балаларды жалпы анестезиямен (интубациялық анестезиямен) емдейтін жалғыз емхана.

Мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мен стоматологиялық емхананың алдында тұрған негізгі мәселелер:

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, тарификаторда осы қызметтің құны – D96.700.027 интубациялық наркоз 20 761,24 теңгені құрайды. Бұл құн шексіз уақытқа есептелген. Осы тарификаторда 1 сағаттың құнын көрсету қажет, себебі мүмкіндігі шектеулі (белгіленген мүгедектігі бар) балаларды санациялау кемінде 5 сағатты құрайды. Яғни 5 немесе одан да көп сағат.

Тек қана севоран (қауіпсіз) пайдаланылады, оның 1 құтысын сатып алу бағасы 39 мың теңгені құрайды. Интубациялық анестезия қызметінің құны негізсіз және өте төмен. Тәжірибелік есеп бойынша 1 сағаттың ең төменгі құны 48 641 теңгені құрауға тиіс.

Стоматологтар мен анестезиологтар балаларды интубациялық анестезиямен емдеу кезінде үлкен жауапкершілік алады. Мүмкіндігі шектеулі ерекше балаларды (белгіленген мүгедектігі бар балалар) санациялаудың қауіпті коэффициенті ескерілмейді. Медициналық қызметтің тарификаторына өзгеріс енгізіп, интубациялық наркоздың 1 сағатының құнын қайта, атап айтқанда осы қызметті көрсету уақытын белгілеу қажет.

  1. МӘМС бойынша тағайындалатын ем барысында тек химиялық реакциямен қатаятын пломба пайдаланылады, осыған байланысты наркоз уақыты ұзартылады. Ерекше балаларды емдеу кезінде жарықпен қатайту пломбасы қолданылады. Жарық пломбаларын полимерлеу (қатаю) уақыты 20-40 секунд, химиялық қатаю – 10-15 минут, толық полимерлеу (қатаю) 2 сағат. Жарық пломбалары химиялық заттарға қарағанда жоғары жабысқақтық пен беріктікке ие.

Мүмкіндігі шектеулі ерекше балалардың (белгіленген мүгедектігі бар балалар) тісін емдеу үшін жарықпен қатайтылған пломбаларды қоса отырып, медициналық қызмет тарификаторына өзгеріс енгізу керек.

  1. Мүмкіндігі шектеулі ересектерге (белгіленген мүгедектігі бар) «Шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмекке жататын халықтың жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы» ҚР ДСМ 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № ҚР ДСМ - 106/2020 бұйрығына сәйкес, МӘМС шеңберінде тек шұғыл көмек көрсетіледі. Психоневрологиялық мәртебесі бар мүмкіндігі шектеулі (белгіленген мүгедектігі бар) ересектерге анестезиологиялық жәрдемақы, емдеу және тіс жұлу ақылы негіздегі талдауларды тапсырғаннан кейін жоспарлы тәртіппен ғана тағайындалады. Осы бұйрыққа халықтың осы санатын жоспарлы түрде МӘМС аясында енгізу қажет.
  2. Анестезиологиялық жәрдемақыға қатысты мәселе 2020 жылғы қазаннан бері қарастырылып жатыр. 626 бұйрықтың орнына 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 37 жаңа бұйрық шықты. Мүмкіндігі шектеулі балаларға интубациялық наркоз алу үшін бүгінгі күні 100 адам кезекте тұр.
  3. Жоғарыда баяндалғанның негізінде Үкіметтен депутаттық сауалда көрсетілген проблемалық мәселелерді шешу бойынша нақты шара қабылдауды, атап айтқанда интубациялық наркоздың төмендетілген құнын қайта қарауды, МӘМС шеңберінде жарық пломбаларын қосуды, психоневрологиялық мәртебесі бар ересектерге жоспарлы түрде интубациялық наркозбен емдеу және тіс жұлу мүмкіндігін беруді сұраймыз.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес, заңнамада белгіленген мерзімде депутаттық сауалға жазбаша жауап беруді сұраймыз.

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары:

М. Магеррамов

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Ғ. Құлахметов

А. Милютин

Г. Нұғманова

А. Паяев

А. Сқақова

Е. Смайлов

И. Смирнова

25.05.2022 ж. жарияланды

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS