fbpx

ҚР жаңартылған Қызыл кітабын басып шығару мен веб-портал әзірлеу бойынша мақсатты бағдарлама құру туралы Сәрсенбі, 25 Мамыр 2022 12:30

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің

орынбасары

Р.В. Склярға

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Роман Васильевич!

Қазақстанның Қызыл кітабына өсімдіктердің 400  -ге және омыртқалы жануарлардың 133 - ге жуық түрі кіреді. Қызыл кітапқа сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер тізімі топтастырылған.

Қызыл кітаптың жалпы өркениеттік маңызы өте зор, өйткені ол адамзаттың жабайы табиғатты сақтау жауапкершілігін мойындауға қызмет етеді, адамзатты сирек кездесетін түрлерге ерекше қамқоршылық ұйымдастыруға бағыттайды, әйтпесе олар өмір сүруді тоқтатады.

Қызыл кітаптың өркениет үшін маңызы өте зор. Өйткені ол адамзаттың жабайы табиғатты сақтау жауапкершілігін мойындауға қызмет етеді, адамдарды сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларға ерекше қамқорлық жасауға бағыттайды. Бұлай болмаған жағдайда олар тіршіліктен жоғалып кетеді.

Әлемдік және Ұлттық деңгейдегі көптеген қызыл кітаптардан айырмашылығы, Қазақстанның Қызыл кітабы жануарлар мен өсімдіктердің тізімін қалыптастыруды ғана емес, сонымен қатар оларды заңнамалық қорғауды, яғни «Аулауға тыйым салу презумпциясын» білдіреді. Осыған байланысты біздің Қызыл кітап маңызды құжат, тәжірибелік нұсқаулық және

өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрін қорғау құралы болып табылады. Отандық ұлттық Қызыл кітап, басқа посткеңестік елдердің қызыл кітаптары сияқты өзге елдердің ұқсас басылымдарынан ерекшеленеді. Мұнда тізімге енгізу мемлекет оны қорғауға алады дегенді білдірмейді.

Алайда шешуді талап ететін мәселелер бар.

Біріншіден, Қызыл кітаптың тізімі белгілі бір уақыттан кейін қайта қаралуы керек. Қазақстанда бұл мерзім 10 жылды құрайды. Біздің Қызыл кітаптың соңғы басылымы шыққан сәттен бастап 14 жыл өтті (Омыртқалылар бойынша) және жаңа басылым шығарылатын мерзімінен  айтарлықтай уақытқа кешігіп жатыр. Бүгінге дейін жаңа деректердің едәуір саны жинақталды. Осыған байланысты Қызыл кітапқа енгізілген түрлердің тізімін, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес табиғатты қорғау мәртебесінің критерийлерін қайта қарау қажетігі туындады. Бірқатар түрлердің ғылыми таксономиялық тәсілдері мен жүйесі өзгерді. Антропогендік және климаттық факторлардың әсерінен жануарлардың тіршілік ету жағдайы ауысты.

Омыртқалы жануарлардың  қазіргі тізбесін талдау және соңғы 10 жылда алынған түрлердің саны, таралуы, қатерлері және биоэкологиялық ерекшеліктері жөніндегі қолда бар ғылыми деректер негізінде оны өзгерту (түрлерін қосу/алып тастау) жөнінде ұсыныс дайындау қажет. Бұған қоса Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар популяциясының қазіргі жай-күйін анықтау бойынша зерттеу жүргізген жөн. Себебі бұл туралы ақпарат тапшылығы сезіледі.

Екіншіден, Қызыл кітаптың өзі жаңартуды ғана емес, сонымен қатар нақтылауды, атап айтқанда омыртқасыз жануарларға қатысты деректерді саралауды қажет етеді. Қазақстанның Қызыл кітабы (біріншісі – 1978, екіншісі – 1991, үшіншісі – 1996, төртіншісі – 2006 және 2010 жылдары) төрт рет  басылды. Осы уақыт аралығында Қызыл кітапқа сирек кездесетін және жойылып бара жатқан омыртқалы жануарлардың көптеген түрлері мен кіші түрлері енді. Содан кейін омыртқасыз жануарлар қосылды.  Әр басылым сайын тізім жаңартылды, бірақ соңғы басылымда өкінішке қарай омыртқасыз жануарлардың бірінші бөлігі ғана қамтылды, екінші бөлігі назардан тыс қалды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қазақстан Халық партиясының депутаттары төмендегіні жүзеге асыру қажет деп санайды:

  1. Жоғары білікті мамандары, бай тәжірибесі және барлық мұрағаттық деректері бар мемлекеттік ғылыми ұйымды тарта отырып, көпшілік алдында пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын (1-том, Жануарлар) дайындауға және басып шығаруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы (Жануарлар) ақпараттық веб-порталын құруға бағытталған мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаны жүзеге асыру Қазақстан жануарларының сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері таралымының жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады.
  2. Бағдарлама шеңберінде Қазақстанның Қызыл кітабындағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің қазіргі заманғы тізімін жасау, Қызыл кітап жөніндегі электрондық база мен портал құру, Ұлттық Қызыл кітапты жүргізу жөніндегі нормативтік-заңнамалық базаны жетілдіру, қазіргі заманғы әдістемелерді пайдалану негізінде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы жануарлар түрлері таралымдарының жай-күйіне ғылыми негізделген мониторинг жүргізу жүйесін енгізу.

Жауапты заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша түрде ұсынуды сұраймыз.

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары:                    

А. Сқақова

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Г. Нұғманова

Ғ. Құлахметов

А. Милютин

М. Магеррамов

А. Паяев

Е. Смайлов

И. Смирнова

25.05.2022 жылы жарияланды

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS