fbpx

Нұр-Сұлтан қаласында коммуналдық тарифтің көтерілуіне жол бермеу туралы Сәрсенбі, 22 Маусым 2022 10:32

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің

орынбасары

Р.В. Склярға

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Роман Васильевич!

Сарапшылардың пікірінше, СОVID-19 коронавирустық инфенкциясының таралуына байланысты қаржы нарығында болып жатқан оқиғалар аясында біздің елде ЖІӨ өткен жылмен салыстырғанда 0,9%-ға төмендеуі мүмкін. Бұл жағдай азаматтардың әл-ауқатына әсер ететіні сөзсіз.

Осындай қиын уақытта әрбір адам үшін тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындардың ажырамас бөлігі болып табылатын отбасылық бюджетті тиімді басқару маңызды.

Белгілі болғандай, елордада адамдардың қазіргі қаржылық жағдайына қарамастан, коммуналдық қызметтің тарифтік құнын арттыру жоспарланып отыр. Бұл шешім тұрғындардың наразылығын туғызады және өңірдің қоғамдық-саяси тұрақтылығына теріс әсер етеді.

29.07.2019 жылы «Астанаэнергосервис» АҚ 220-110 кВ («Батыс» ҚС 220/110/10 кВ, «Шығыс» ҚС 220/110/10 кВ, «Достық» ҚС 220/110/10 кВ, «Западная» ҚС 110/10/6 кВ 110/10/6 кВ, «Әуежай» ҚС 110/20/10 кВ) электр желілері жұмысының сенімділігіне энергетикалық сараптама жүргізді. 02.07.2019 жыл (бұдан әрі мәтін бойынша - Энергетикалық сараптама).

Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының №Э-6-18-19505 28.12.2018 жылғы тапсырмасына сәйкес, «Прокуратура туралы» ҚР Заңының 7, 44, 45-баптары энергетикалық сараптама жүргізуге негіз болды.

Энергетикалық сараптаманың 3.3.5 тармағына сәйкес «2014-2018 жылдар аралығында «Астана-АЭК» АҚ «АЭҮК» АҚ-дан 2,5 млрд теңгеге 559 945 230 кВтс электр энергиясын желілер арқылы беру және тарату бойынша қызметті сатып алды...»; «Энергетикалық сараптамаға сәйкес, талдаудың нақты көлемі анықталды. 2014-2018 жылдар аралығында «Астана-АЭК» АҚ үшін «АЭҮК» АҚ желілері бойынша берілген электр энергиясының жалпы көлемі 665 924 887 кВт/сағатты құрады.

Әрі қарай энергетикалық сараптама келесі қорытындыларды ұсынады:

  1. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «АЭҮК» АҚ 110 кВ желілері бойынша беру көлемінің жалпы төмендеуі елордадағы барлық ЭЖҰ, тікелей тұтынушылар мен «Астана-АЭК» АҚ «АЭҮК»АҚ 110 кВ желілері бойынша шығындар транзитіне шығындардың төмендеуіне әкеледі. Алайда бұдан әрі шығын көлемі «АЭҮК» АҚ тарифінің ұлғаюы есебінен бұрынғы мәніне оралуы мүмкін.
  2. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «АЭҮК» АҚ 110 кВ желілері бойынша беру көлемінің азаюы салдарынан төтенше реттеуші шара ретінде «АЭҮК» АҚ желілері бойынша электр энергиясын беру тарифі артады, бұл өз кезегінде Ақмола облысында ЭЖҰ тарифінің ұлғаюына себеп болады.

Осылайша, энергетикалық сараптама қорытындысында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша электр энергиясын беру функцияларын «Астана-АЭК» АҚ жүзеге асыратыны анықталды (үлестің 100%-ы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне тиесілі), алайда қаланың белгілі бір бөліктерінде (шамамен 30%) электр энергиясын беруді «Ақмола АЭК»АҚ жеке компаниясы қатар жүзеге асырады.

Энергетикалық сараптама материалдары мен қорытындысы бойынша қалалық энергетикалық тораптардың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша электр энергиясын беруі үшін «АЭҮК» АҚ жеке компаниясының желілерін пайдаланбауға барлық техникалық мүмкіндіктері бар екені анықталды (энергетикалық сараптаманың 51-52-беттері).

Алайда «Астана-АЭК» АҚ 2014 жылдан бастап «АЭҮК» АҚ электр энергиясының транзитін негізсіз пайдалануды жалғастырып отыр. Бұл соңғы тұтынушы үшін тарифті жасанды түрде арттырады және «АЭҮК» АҚ жеке компаниясының негізсіз пайда алуына ықпал етеді.

Мәселен, монополияға қарсы орган квт/сағ үшін 3,25 теңге мөлшерінде тариф бекітті. «АЭҮК» АҚ жеке компаниясы үшін тариф жергілікті тарифтен әлдеқайда асып түседі және квт/сағ үшін 4,85 теңгені құрайды.

Нәтижесінде жеке компанияға жұмсалатын шығындарды ескере отырып, соңғы тұтынушыларға квт/сағ үшін 11,57 теңге көлемінде электр энергиясы беріледі.

Жоғарыдағы жағдай Нұр-Сұлтан қаласындағы электр энергиясының соңғы тұтынушылары үшін тариф «АЭҮК» АҚ жеке компаниясының қызметін негізсіз пайдалану жолымен жасанды түрде ұлғайтылып  отырғанын дәлелдейді.

Жоғарыда айтылған фактілердің анықталуына байланысты 07.08.2020 ж. №2-16-20-11915 хатпен Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры Б.К. Мырзакеров Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне («Астана-АЭК» АҚ қатысушысына 100%) «АЭҮК» АҚ жеке компаниясының қызметтерінен бас тарту және қала тұрғындарының жылына шамамен 5,8 млрд теңге шығынын  үнемдеу туралы талап қойды.

Тарифтерді жасанды көтеру жағдайы анықталған сәттен бастап (29.07.2019 жыл) 36 айдан астам уақыт өтті. Жауапкерлер мен басқа да уәкілетті органдар тарапынан шара қабылданбады, елорда тұрғындарының  тариф бойынша «АЭҮК»АҚ жеке компаниясының пайдасына артық төлем жасауы жалғасып жатыр.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты электр энергиясының тарифі бойынша оң шешім қабылдау тұрғындарға шығындарын жылына шамамен 5,8 млрд теңгеге үнемдеуге және Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықтың тұрақсыздануының алдын алуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Депутаттық сауалды қарауды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен жауап беруді сұраймыз.

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары:

Ж. Ахметбеков

А. Қоңыров

М. Магеррамов

Ғ. Құлахметов

А. Милютин

Г. Нұғманова

А. Паяев

А. Сқақова

Е. Смайлов

И. Смирнова

22.06.2022 ж. жарияланды

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS