fbpx

Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту туралы Сәрсенбі, 22 Маусым 2022 11:38

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрі

Р. Ф. Жақсылықовқа 

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Руслан Фатихұлы!

Қаңтар оқиғасы, Украина төңірегіндегі ахуал, Орталық Азия өңіріндегі шиеленістің күшеюі еліміздің қорғаныс қабілеті мәселесін өзектендіреді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазір ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық жүйесі түбегейлі қайта ұйымдастырылуда. Жаңа Әскери доктрина әзірленуде.

Бұл ретте Қазақстан Халық партиясы төл қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің дамуына алаңдаушылық танытады.

Вакцинамен, дәрі-дәрмекпен, тіпті қарапайым медициналық маскамен қамтамасыз ету жағдайы көрсеткендей, Қазақстанға кез келген дағдарысты өз күшіне сүйене отырып жеңуді меңгеру қажет. Украинаның шығысындағы соғыс және қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізу жағдайы бұған айқын дәлел бола алады. Яғни жеке қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту – Қорғаныс министрлігінің бірінші кезектегі міндеті.

Қазақстан Халық партиясына қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының қауымдастығы жүгініп, отандық қорғаныс кәсіпорындарын қолдауды сұрады.

Биыл 10 наурызда Мемлекет басшысы-Жоғарғы Бас қолбасшы брондалған техника шығаратын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» кәсіпорнында болды. Осы сапардың қорытындысында Қазақстан Президенті отандық қорғаныс өнеркәсібін қолдау және дамыту бойынша тапсырма берді.

Алайда, белгілі болғандай, Қорғаныс министрлігі ұқсас сипаттамалары бар отандық техника өндірісіне қарамастан шетелдік техниканы сатып алуды жалғастырып отыр. Мысал үшін доңғалақты брондалған техника.

Бүгінде отандық қорғаныс өнеркәсібін дамыту туралы сөз қозғалып жатқан жоқ. Ресей Федерациясына салынған санкциялардың салдарынан біздің қорғаныс кәсіпорындарымыздың экономикалық байланысының басым бөлігі бұзылды. Қазір қорғаныс кәсіпорындары дағдарысты бастан кешіріп, өндірісті тоқтату алдында тұр.

Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, келесі сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймыз:

  1. Қорғаныс министрлігі отандық қорғаныс өнеркәсібін дамыту және қолдау жөніндегі жоспарды іске асырып жатыр ма?
  2. Отандық кәсіпорындардан қару-жарақ пен әскери техника сатып алу жоспары бар ма? Отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенін қолдаудың қандай шаралары жүзеге асырылуда?
  3. Отандық қорғаныс кәсіпорындарынан техника мен қару-жарақтың қандай үлесі сатып алынады? Мұндай үлесті арттырудың нақты жоспары бар ма?
  4. Ескірген техника мен оқ-дәрілерді кәдеге жарату жағдайы қалай?

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары:

А. Қоңыров

М. Магеррамов

Ж. Ахметбеков

Ғ. Құлахметов

А. Милютин

Г. Нұғманова

А. Паяев

А. Сқақова

Е. Смайлов

И. Смирнова

22.06.2022 ж. жарияланды

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS