fbpx

Әлеуметтік тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапасы туралы Сәрсенбі, 29 Маусым 2022 13:21

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің орынбасары

Р.В. Склярға

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Роман Васильевич!

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту жөнінде шаралар көзделген.

Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған негізгі мемлекеттік қолдау шаралары ынталандыру тетіктері арқылы қолжетімді болатыны анықталды:

  • Кезекте тұрғандардың жалдау ақысын субсидиялау;
  • Өз қызметкерлері үшін тұрғын үй салған ауылдағы жұмыс берушілердің шығынын 50% субсидиялау;
  • Азаматтарды 2% және 5% мөлшерлемемен жеңілдікпен несиелендіру
  • Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне инженерлік инфрақұрылым жүргізу.

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясы атап өткендей, бүгінде жалдамалы тұрғын үй алуға немесе жеңілдетілген шартпен несие алуға кезекте тұрған қазақстандықтар үшін тұрғын үйдің шаршы метрі 350 мың теңгеге дейін өсті. Құрылысқа жұмсалатын шығынның одан әрі өсетіні болжанып отыр. Бұл жайт жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларының бір бөлігінің қолжетімділігіне қатер төндіреді.

Сайлаушылармен кездесулерде үнемі «Әлеуметті тұрғын үй құрылысы» (3 және 4-сыныптар) сапасыз жүргізілуде, тендерде жеңіске жеткен компаниялардың білікті құрылысшылары жоқ, тұрғын үйді тапсыру мерзімін бұзады деген мәселелер көтеріледі. Бұл кезекте тұрғандардың  арасында әлеуметтік шиеленіс тудырады, адамдардың сапалы өмір сүру құқығына нұқсан келтіреді.

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясы азаматтар үшін сапасыз тұрғын үй салу тәуекелін болдырмауды және 3-4 санаттағы дайын тұрғын үй сатып алуға конкурс жариялауды ұсынады. Бұл ретте мемлекет құрылыс орнын айқындауға, құрылыс кезеңіне жер учаскесін жалға беруге, инженерлік желілерді жүргізуге ғана қатысады. Байқауда шаршы метрдің ең арзан бағасын ұсынатын компания жеңіске жетуі керек. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сараптама конкурс жеңімпазының қаражаты есебінен жүзеге асырылуға тиіс.

Жоғарыда аталған процедураларды қолдану:

  1. Бюджет қаражатын тиімді пайдалануға;
  2. Бюджет қаражатының игерілмеуін жоюға;
  3. Бюджет қаражатын үнемдеуге;
  4. Құрылыс нарығынан жосықсыз, біліктілігі жоқ құрылысшыларды ығыстыруға;
  5. Тұрғын үй құрылысының қарқынын арттырып, сапасын жақсартуға;
  6. Құрылыс саласын дамыту есебінен шағын және орта бизнесті дамыту үшін оң мультипликативті әсер қалыптастыруға;
  7. Мәжбүрлі өзгерістер мен сот талқылауларына жұмсалатын шығындарды қоспағанда, 3-4 сыныптағы тұрғын үйде қалыпты өмір сүру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді деп санаймыз.

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары:

Ж. Ахметбеков

А. Қоңыров

М. Магеррамов

Ғ. Құлахметов

А. Милютин

Г. Нұғманова

А. Паяев

А. Сқақова

Е. Смайлов

И. Смирнова

22.06.2022 ж. жарияланды

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS