fbpx

Мүгедек адамдарды, қамқорлығында мүгедек адамдары бар отбасыларды құқықтық және әлеуметтік қорғау мәселелері туралы Сәрсенбі, 29 Маусым 2022 13:08

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің

орынбасары

Е. Л. Тоғжановқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Ералы Лұқпанұлы!

Бұл депутаттық сауал мүгедек адамдардың және қамқорлығында мүгедек адамдары бар отбасыларды құқықтық және әлеуметтік қорғау мәселелеріне қатысты.

Өткен аптада Қазақстан Халық партиясы және оның Парламент Мәжілісіндегі депутаттық фракциясы қоғамдық ұйымдармен, мүгедек балалардың ата-аналарымен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өзекті мәселелерін талқылады. Өкінішке қарай шешуін таппай жүрген сұрақ көп. Біраз нәрсе жасалып жатыр. Мемлекеттік бюджеттен қомақты қаржы  бөлінеді. Алайда әлеуметтің әлеуеті артпайды. Біз басты мәселе салалық министрліктің жұмысында деп санаймыз. Министрлік өз қызметінде мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасыларының мүддесін есепке алмайды.

Мүгедектікті тағайындау, медициналық-әлеуметтік сараптама рәсімін қайта қарау, кезек мәселесін шешу, ДКК анықтамасының электронды форматына көшу, мүгедектікті рәсімдеу кезеңін қысқарту ерекше назарды талап етеді.

ДКК қорытындысын алғаннан кейін медициналық-әлеуметтік сараптамаға дейін 4 ай күту қажет. Осы аралықта диагноз бойынша бақылау жүргізілмейді.

Біз төмендегі мәселелерді шешу қажет деп санаймыз:

Мүгедектігі және ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер мен мамандардың жалақысын есептеу үшін базалық лауазымдық жалақыны екі есе арттыруы тиіс; Оңалту, түзету  немесе күндіз ем қабылдау орталықтары мүгедектіктің болуына қарамастан әртүрлі диагнозы бар балаларды қабылдау үшін диагноз бойынша шектеуді алып тастауы керек;

Мүгедектігі бар балалар мен ересектер үшін қоғамдық көлікте бірыңғай жол жүру құжатын әзірлеу және бекіту қажет.

Қазіргі уақытта ата-аналар немесе олармен бірге жүретін адамдар басқа қалаға көшкен кезде қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеуге мәжбүр болады. Егер мүгедек бала мен ересек адамның тұрғылықты жері бойынша қоғамдық көлікте тегін жол жүру құқығы болса, онда республика бойынша ауысқан кезде мұндай құқық алып тасталады.

Санитарлық-гигиеналық құралдарды, мүгедектердің арбаларын, ортопедиялық аяқ киімдерді, санаторий-курорттық емдеуді және т.б. монетизациялауды жүзеге асыру керек.

Мүгедектіктің екінші тобына күтім жасау үшін жәрдемақы тағайындалуы тиіс. Бала күтімі бойынша жәрдемақы тек бірінші топтағы мүгедектерге беріледі. Егер 18 жасқа дейін бала кем дегенде арнайы балабақшаларға, мектептерге орналастырылса, онда кәмелетке толғаннан кейін мүгедек балалардың көпшілігі үйде отырады. Сондықтан жәрдемақы тиісті күтімді жүзеге асыру үшін қажетті көмек болып табылады.

Мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдар үшін зейнетке шығу жасын қысқарту қажет. Мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-ана үшін жалақы есептеліп, ерекше қажеттілігі бар баланың жұмыс істейтін қамқоршысы мәртебесі белгіленсін. Нәтижесінде азаматтарымыздың осы санаты ресми түрде жұмысқа орналасады, зейнетақы жарналарын аударуға, зейнетақы жинақтау жүйесінің қатысушысы болуға және сол арқылы өзінің қарттығын қамтамасыз етуге мүмкіндік алады.

Қазақстан Халық партиясы мен оның депутаттық фракциясы Үкіметке мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасылары үшін құқықтық және әлеуметтік жағдайды шешу және жақсарту бойынша ұсыным әзірледі.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Үкіметті депутаттық сауалда көрсетілген барлық  мәселелер бойынша пәрменді шара қабылдауға және «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27- бабына сәйкес, заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша түрде  жауап беруді сұраймыз.

«Қазақстан Халық партиясы»    

фракциясының депутаттары 

М. Магеррамов

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

 Г. Құлахметов

А. Милютин

Г. Нұғманова

А. Паяев

А. Сқақова

Е. Смайлов

И. Смирнова

29.06.2022 ж. жарияланды   

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS