fbpx

ТЖ кезеңіндегі қаражатты қайтару бойынша ЖАО-ның заңсыз талаптарынан жеке балабақшаларды қорғау туралы Сәрсенбі, 29 Маусым 2022 13:42

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің

орынбасары

Е.Л. Тоғжановқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Ералы Лұқпанұлы!

Қазақстан Халық партиясына Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығы жүгінді.

Жекеменшік балабақшалар мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін жекеменшік балабақшаларға төленген 2020 жылғы 12 мамыр мен 5 шілде аралығындағы қаражатты қайтару бойынша жергілікті атқарушы органдардың заңсыз талабына тап болған.

Қазіргі уақытта еліміздің көптеген өңірлерінде ҚР Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің департаменттері ТЖ және карантин кезеңінде балабақшаларға жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысты төлетудің  заңдылығы бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

Ол кезде ТЖ және карантин кезеңінде мемлекеттік тапсырысты төлеу тәртібі ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 «Мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары» бұйрығында болмаған.

Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ҚР БҒМ 2020 жылдың қараша айында 5 шілдеде күшіне енген бұйрықпен бекіткен. Осылайша, 2,5 ай (2020 жылғы 12 мамырдан 5 шілдеге дейін) мемлекеттік тапсырысты төлеу тәртібі ешқандай нормативпен регламенттелмеген.

Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін нормативтің жоқтығына қарамай, балаларды күтіп-бағуға арналған балабақшаларға мемлекеттік тапсырысты қаржыландыруды жүзеге асырды. Бұл рәсім ашық: жергілікті атқарушы органдардың электрондық базасында растайтын құжаттар бар.

Алайда ҚР Ішкі мемлекеттік аудит комитеті бірқатар өңірлерде жергілікті атқарушы органдарға көрсетілген кезеңдегі қаражатты мемлекетке қайтаруды бұйырды.

Өз кезегінде әкімдіктер аталған кезеңде төленген қаражатты қайтару бойынша жекеменшік балабақшаларды тиісті мекемелерге шақыра бастады.

Балабақшалар бюджет қаражатын екі тарап қол қойған және орындалған жұмыс актісіне сай алған.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, «Қазақстан Халық партиясы» фракциясы қауымдастықтың мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген кезеңде төленген қаржы қаражатын бюджеттің нысаналы атқарылуы ретінде қабылдау талабын әділ деп санайды (ҚР ҚМ 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі» бұйрығының 162-тармағы).

Қазіргі уақытта жекеменшік балабақшаларда 2020 жылғы салықты, әлеуметтік аударымдарды және осы уақыт аралығында жұмыстан шығарылған қызметкерлердің жалақысына жұмсалған қаражатты қайтару мүмкіндігі жоқ. Расында да, мемлекеттік тапсырысты орындауға алынған қаржы ресурстары ең проблемалы және аз қамтылған мектепке дейінгі жеке сектордағы балаларды ұстауға жұмсалды.

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары:

Г. Нұғманова

М. Магеррамов

А. Қоңыров

Ж. Ахметбеков

Ғ. Құлахметов

А. Милютин

А. Паяев

А. Сқақова

Е. Смайлов

И. Смирнова

29.06. 2022 ж. жарияланды

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS