fbpx

А.Ұ. Маминге депутаттық сауал Сәрсенбі, 17 Ақпан 2021 11:46

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

А.Ұ. Маминге

Депутаттық сауал

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Бүгінгі таңда жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарына арналған жол картасын (бұдан әрі - ЖҚЖК) іске асыру шеңберінде бүкіл ел бойынша әлеуметтік, инженерлік-көлік инфрақұрылымын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту, елді мекендерді абаттандыру жүзеге асырылуда.

Жұмыспен қамтудың жол картасының негізгі мақсаттары: жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу және жұмыспен қамту: қосымша жұмыс орындарын құру және табыспен қамтамасыз ету; елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Бұл мақсаттарға Мемлекет 1 триллион теңге көлемінде қаржы ресурстарын қарастырып, бөлді.

Үкімет пен бағдарлама әкімшілерінің есептері бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамтудың жол картасы елдің барлық 88 қаласы мен 1901 ауылдық елді мекенді толық қамтыды делінген. 238 903 адам жұмысқа орналастырылды немесе жоспардың 99% орындалды деугеде болады.   

Алайда, біз бұл сандардың артында не көреміз.

238 903 адамның 6 600-і ғана тұрақты жұмыс орнына орналастырылды, бұл 3% - дан аз. Жұмыссыздардың негізгі бөлігі қысқа мерзімді маусымдық жұмыстарға тартылды, олардың ұзақтығы кейде бір айдан аз болады.

Бағдарлама әкімшілерінің есептерінде көрсетілген жұмыссыздардың үштен бір бөлігі зейнетақы қорына аударымдарды төлеумен расталмайды.

Жұмыспен қамтудың жол картасы құрған жұмыс орындары негізінен құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы біліктілігі төмен жұмысшыларға арналған, ал білікті мамандар шеттен тыс қалуда. Айта кету керек, бұл жағдай әкімшілердің бағдарламаны  іске асыруға немқұрайды қарауынан туындайды,өйткені олар инфрақұрылымды дамытуға  маңызды әсері жоқ қысқа мерзімді жобаларға артықшылық беріп отыр, сондықтан осы жобаларды бекіткен ведомствоаралық комиссияға да сұрақтар туғызады.

Жұмыспен қамтудың жол картасының іске асырудан салық қайтарымы мәселесін қозғайтын болсам, деректерге сәйкес іске асырылған жобалар шеңберінде төленген салықтар бар болғаны 5,5 млрд.теңгені құрайды, яғни салық жүктемесінің коэффициенті 1% - дан кем болады, бұл өте төмен көрсеткіш болып табылады. Табысты жасырудың барлық белгілері алдарыңызда.

Жұмыстарды орындауда мердігерлердің арасында қалай іріктеу жүріп жатқаны түсініксіз. Мысалы: Павлодар облысында жұмыспен қамтудың жол картасының іске асыруға қатысатын 97 субъектінің 82-сі салықшы есебінде осы облыста тіркелген, ал олардың 42-сіннің балансында учаскелері, мүлік объектілері, көлік сияқты негізгі құралдары жоқ.

Бұл жағдайдан, қаржылық және сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтар туралы болжам жасауға болады.

Жоғарыда көрсетілген фактілерді ескере отырып, , ағымдағы жылы анықталған олқылықтар мен кемшіліктерді болдырмау мақсатында ЖҚЖК жетілдіру бойынша шаралар қабылдауды сұраймыз.

Жауапты «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес жазбаша түрде жолдауыңызды сұраймын.

Құрметпен,

«Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары:

Ф. К. Каменов

Ж.А. Ахметбеков

З.Ғ. Құлахметов

А. О. Қоңыров

А.А. Милютин

А.М. Паяев

С.Н. Решетников 

А.А. Сқақова

Е.В. Смайлов

И.В. Смирнова

17.02.2021ж. жарияланды

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS