fbpx

А.Ұ. Маминге депутаттық сауал Сәрсенбі, 24 Ақпан 2021 11:44

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

Депутаттық сауал

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

COVID-19 әлемдік пандемиясы және оған байланысты қойылған шектеулер Қазақстан экономикасындағы дағдарыс құбылыстарын күшейтті. Сондай-ақ жылдар бойы халықтың кірісінің төмендігін – жалақының төмендігі, зейнетақылар, жәрдемақылар мен мүгедек адамдарға, бала күтімі бойынша, көпбалалы отбасыларға және халықтың әлеуметтік осал топтарының басқа да санаттарына төленетін төлемдердің өсіп келе жатқан проблемасын көрсетті.

Оның салдарын үдемелі кедейлік пен әлеуметтік теңсіздіктің өсуінен-ақ аңғаруға болады. Бұл елдегі адами капиталдың сапасын нашарлатады және ұзақ мерзімді перспективада елдің бәсекеге қабілеттілігінің елеулі жүйелік тәуекелдеріне алып келеді. Осылайша, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының бағалауы бойынша, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2019 жылға қарай 1,4%-ға ұлғайып, 2020 жылы 5,7%-ды құрады. Неғұрлым аз қамтамасыз етілген қазақстандықтардың 10%-ы мен әлдеқайда қамтамасыз етілген тұрғындардың 10%-ы арасындағы азық-түлік тауарларына жұмсалатын шығыстар деңгейіндегі айырмашылық 4,9 есені, азық-түлік емес тауарларына – 6,6 есені, ал ақылы қызметтерге 5,6 есені құрайды.

Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, 2020 жылы Қазақстанда кедейліктің жалпы деңгейі 14 пайызды құрап, 1,5 миллион адамға артты. Бұл елдің 2,6 миллион тұрғынына тең. Шындығында, бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.

Мәселенің мәні бастапқыда халықтың объективті өмірлік қажеттіліктеріне жауап бермейтін және 42 500 теңге мөлшеріндегі ең төменгі жалақының (ЕТЖ), тиісінше 34 302 теңге мөлшеріндегі базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің базалық шамаларының айтарлықтай төмендігінде жатыр. Бұдан басқа, зейнетақының ең төменгі мөлшері – 43 272 теңге және ғылыми негізделген тамақтану нормативтерін жаппайтын, барлығы 43 азық-түлік атауын қамтитын «тұтыну қоржыны» да төмендетілген.

Бұл ретте республика бойынша жалақының орташа мөлшері 2020 жылы 204 300 теңгені, медианалық жалақы – 142 300 теңгені құрады. Іс жүзінде көптеген қызметкерлердің жалақысы 80 мыңнан 140 мың теңгеге дейінгі аралықта құбылады.

Халық табысының өсуін қамтамасыз ететін айқын және ұтымды шешім – ең төменгі жалақыны, ең төменгі зейнетақыны, стипендияларды, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын, төлемдер мен жәрдемақыларды тиісінше орташа жалақы көрсеткішіне дейін одан әрі ұлғайта отырып, базалық есептік көрсеткіштерді кемінде 2 есе ұлғайту.

Азық-түлік өнімдері мен тұтыну себеті қызметтерінің құрамын еселеп ұлғайту қажет.

Жылдар бойы Үкімет екі мифологеманы қайталайды: жалақы мен халық табысының өсуі инфляция мен бағаның өсуіне әкеледі. Бұл үшін бюджетте ақша қарастырылмаған.

Салдарынан жалақы, зейнетақы және жәрдемақы өспейді. Халық кедейлене түседі. Ал бағалар, тарифтер мен инфляция әлі де тұрақты түрде өсіп келеді. Мұны біз дүкендер мен базарлардағы бағалардан және жалдау түбіртектерінен көре аламыз.

Екінші үкіметтік мифологемаға жауап беру үшін Есеп комитетінің, Қаржы министрлігінің есептерін талдау, мемлекеттік бағдарламаларға, квазимемлекеттік сектор компанияларына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың бюджеттеріне тексеру және олардың тиімділігіне бағалау жүргізу жеткілікті. Халықтың табысын нақты ұлғайтуға ақша бар екені сонда белгілі болады.

Мысалы, Есеп комитетінің «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» бағалауы бойынша, соңғы 10 жылда (2010-2019 жылдар аралығында) талданып отырған бағдарламалар шеңберінде индустриялық-инновациялық жүйені дамытуға бағытталған іс-шараларды қаржыландыру көлемі 5,03 трлн теңгені құрады. «Мемлекеттік бағдарламаның барлық іс-шараларының 15%-ы оның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге тікелей әсер етті, ал қалған 85%-ы (жобалар мониторингі, мәселелерді пысықтау және ұсыныстар әзірлеу, ақпараттық-талдамалық зерттеулер жүргізу, ақпарат беру, индустрияландырудың қорытындыларын шығару, индикаторлар мен көрсеткіштер бойынша жарияланымды қамтамасыз ету және т.б.) индустриялық-инновациялық дамуға жанама әсер етті».

Сондай-ақ 7 мемлекеттік бағдарлама бағаланды. Оларды іске асыру 2019 жылы аяқталды. ( ... ) Негізгі капиталға салынған инвестицияның 1 теңгесі орта есеппен 90 тиын көлемінде өнім шығарды. Дүниежүзілік банк бюджет шығыстарының мультипликаторын (біріктірілген көрсеткіш) есептеді. Ол Қазақстан бойынша 2015 жылы 0,2-0,3 мән деңгейінде бағаланды. Яғни, жұмсалған әрбір бюджет доллары үшін нақты нәтиже ретінде тек 20-30 цент қайтарылады. Немесе елордадағы LRT-нің көп миллиардтық құрылысы.

Шын мәнінде, халықтың табысын арттыру оң мультипликативтік әлеуметтік-экономикалық әсер береді – қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасы артады және төлемге қабілетті сұраныс жасалады, бұл шағын, орта және микро бизнестің өсуін қамтамасыз етеді. Ал бұл – жұмыспен қамту, салық аударымдарының өсуі, әлеуметтік тұрақтылық.

Халық табысының нақты өсуі, олардың өмірінің сапалы жақсаруы және әлеуметтік-экономикалық теңсіздікке қарсы күрес Үкімет жұмысының басымдығы болуы тиіс. Бұл ҚР Конституциясында бекітілген әлеуметтік мемлекет қағидасына жауап береді, оның ең жоғары құндылығы – адам.

Қазақстан Халық партиясы фракциясының депутаттары келесі ұсынып отыр:

  1. Басым тәртіппен ағымдағы жылдың 4 тоқсанына дейін ең төменгі жалақы мөлшері 100%-ға 85 000 теңгеге дейін ұлғайтылсын, кейіннен кезең-кезеңімен 2022-2023 жылдары орташа жалақы мөлшеріне дейін арттыру.
  2. 1 маусымға дейін тұтыну қоржынының мөлшерін 43 өнімнен 86-ға дейін, сондай-ақ қызметтер санын ұлғайту. 2022 жылы ұлғайтуды одан әрі жалғастыру.
  3. Ағымдағы жылдың 4 тоқсанына дейін ең төменгі зейнетақы мөлшері 2022-2023 жылдары кезең-кезеңімен медианалық жалақы мөлшеріне дейін 100%-ға ұлғайту.
  4. Ағымдағы жылдың 4 тоқсанына дейін тиісінше жәрдемақылар мен төлемдер, оның ішінде мүгедек адамдар, көпбалалы отбасылар үшін, бала тууы және асыраушысынан айрылуы бойынша төлемдер 2022-2023 жылдары медианалық жалақы мөлшеріне дейін кезең-кезеңімен арттыра отырып, 100%-ға ұлғайту.
  5. Шәкіртақыны кезең-кезеңмен 100%-ға ұлғайту.

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары

Е.В. Смайлов

Ж.А. Ахметбеков

Ф.К. Қаменов

А.О. Қоңыров

Ғ.З. Құлахметов

А.А. Милютин

А.М. Паяев

С.Н. Решетников

А.А. Сқақова

И.В. Смирнова

24.02.2021ж. жарияланды

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS