fbpx

Е.Л. Тоғжановқа депутаттық сауал Сәрсенбі, 24 Ақпан 2021 11:56

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің

орынбасары

Е.Л. Тоғжановқа

Депутаттық сауал

Құрметті Ералы Лұқпанұлы!

Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп, енгізді.

«Еңбек» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») және «Жас маман» жобаларының аясында қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен, еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлаумен қамтамасыз ету.

Жоғарыда аталған жобаларды іске асыруға жауапты мекеме ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекітілген.

Жобаны іске асыру Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы №646 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

«Жас маман» мемлекеттік жобасының мақсаты – сұранысқа ие 100 мамандық бойынша 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнын жаңарту. Жаңартуға қомақты қаражат бөлінетінін ескерсек, жобаға қатысушы колледж студенттері бәсекелестікте басымдыққа ие болады.

Алайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 457 бұйрығымен өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, сенімгерлік басқаруға берілген немесе берілетін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындарының «Жас маман» жобасына іріктелуі мен қатысуы алынып тасталды.

Осы мәселеге қатысты Қазақстан Халық партиясына Түркістан облысының сенімгерлік басқаруға берілген колледждері ұжымдарының атынан хат келіп түсті.

Осыған байланысты неге осындай шешім қабылданды және қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі жоғарыда аталған мәселе бойынша қандай шаралар қабылдап жатыр деген сұрақ туындайды.

Қазақстан Халық партиясы білім беру жүйесі мен медицинаға ерекше көңіл бөледі. Біздің басты мақсатымыз – кәсіптік білімнің әрбір қазақстандыққа қол жетімді болуы. Білім біз үшін әрқашан құнды болып қалады береді және ол жастарымызға үлкен мүмкіндіктерге ашады. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбeкқорлығына, талап-тiлегiне байланысты. Ендеше жaстaр еңбек жолына түскенде ғaна қоғамын өрге бастыра алады. Oтаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы бұлыңғыр. Жаңа замандағы тәуелсiз ел мұрaты жaстaрдың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрeкеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр.

Құрметті Ералы Лұқпанұлы! Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Сізден осы депутаттық сауалды қарастырып, Үкіметтің аталған проблемаларға қатысты ұстанымын көрсетіп, заңмен белгіленген мерзімде жауап беруіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары:

Ф. К. Қаменов

Ж.А. Ахметбеков

З.Ғ. Құлахметов

А. О. Қоңыров

А.А. Милютин

А.М. Паяев

С.Н. Решетников

А.А. Сқақова

Е.В. Смайлов

И.В. Смирнова

24.02.2021ж. жарияланды

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS