fbpx

А.Ұ. Маминге депутаттық сауал Сәрсенбі, 03 Наурыз 2021 10:53

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

А.Ұ. Маминге

Депутаттық сауал

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Мемлекет ана мен баланы қорғауға бағытталған әлеуметтік салада бірқатар қадамдар жасауда. Осы мақсаттарға мемлекеттік бюджет қаражаты жұмсалады. Әрине, бұл қадамдар қажет және оң нәтиже береді.

Бірақ бұл әсерлер қысқа мерзімді сипатқа ие. Аналар мен балалардың өмір сүру сапасын жақсартуда және әлеуметтік-экономикалық, білім беру, медициналық, мәдени және сандық теңсіздік мәселелерін шешуде айқын өзгеріске қол жеткізуге мүмкіндік бермейтіні анық.

ЮНИСЕФ-тің «Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайын талдау» зерттеуіне сәйкес, қазақстандық балалардың 15,6 пайызы табысы ең төмен отбасыларда тұрады. Бұл шамамен 1 млн бала немесе Қазақстанда кедейшілікте өмір сүретін әрбір алтыншы бала (зерттеу 2018-2019ж.ж.).

Отандық зерттеушілердің айтуынша, көпбалалы болу кедейлік факторына айналуда. Кедей қазақстандықтардың 80%-дан астамы 5 және одан да көп адамнан тұратын отбасында өмір сүреді. Статистика бойынша елімізде 340 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар.

Сонымен қатар толық емес отбасылардың мәселелері де өте өзекті. Мұнда балаларды тәрбиелеудің барлық ауыртпалығын ата-аналардың бірі – анасы немесе әкесі көтереді. Бір, екі немесе үш баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана немесе жалғызбасты әке де қиындықтарға тап болады, бірақ әлеуметтік қолдауды қажет ететіндер санатына кірмейді. Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, бізде мұндай отбасылардың 500 мыңнан астамы яғни, олардың басым көпшілігі жалғызбасты аналар болуы мүмкін.

Халықтың нақты табысының төмендеуі, бірінші кезектегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағасының өсуі, спорттық, мәдени, ғылыми-техникалық секциялар мен үйірмелер түріндегі балаларды дамытудың сапалы және қолжетімді инфрақұрылымының болмауы елдің барлық балаларының – көпбалалы, толық емес және толық отбасыларының толыққанды дамуына кедергі келтіреді.

Мемлекет «бүгінгі кедей балалар – ертеңгі кедей мемлекеттің» негізін қалайтынын түсінуі керек.

2020 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті қоры жарияланған реформаларды іске асыру және Қазақстанның Үшінші жаңғыруы үшін шешімдерді әзірлеуге арналған кешенді зерттеудің нәтижелерін жариялады. «Қазақстан Республикасының адами капиталын дамыту» талдамалық зерттеу нәтижелері бойынша ұсынымдарда үш тұжырым айтылады:

1) елдің ағымдағы адами капиталы Үшінші жаңғырту жобасын тежейді;

2) егер ештеңе жасалмаса, жаһандық трендтердің салдарынан жағдай нашарлай түседі;

3) адами капитал кеңістік бөлігінде де (бүкіл ел бойынша бірыңғай), сондай-ақ сипаттамалары бойынша да (тек әлеуметтік блок) тар шеңберде қаралады.

Дүниежүзілік банк еңбек сипатының өзгеруіне қатысты әлемдік даму туралы өз баяндамасында (2019 жыл): «Еңбек сипатының өзгеруіне дайындалу үшін елдер мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына инвестицияларды күрт арттыруы тиіс. Бұл – болашақта еңбек нарығында сұранысқа ие болатын құнды дағдыларды қалыптастырудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Сондай-ақ елдер мектепте оқытудың нәтижелі болуын қамтамасыз ете отырып, адами капиталды өсіре алады. Ерте жастағы балаларға, оның ішінде тамақтануға, денсаулықты сақтауға, қорғауға және білім беруге инвестициялар болашақта жоғары тәртіптегі когнитивті және әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын игеру үшін берік негіз қалайды. Тіпті босанғанға дейінгі кезеңде және бала 5 жасқа толғанға дейін оның миы тәжірибеден үйренуге дайын. Мұндай дағдыларды ерте балалық шақта алған адамдар кейінгі өмірде мүмкін болатын күйзелістерге төзімді келеді».

Бұл тұжырымдар Үкіметтің іс-қимыл парадигмасын әлеуметтік төлемдерге баса назар аударудан адами капиталға инвестициялар тұжырымдамасына көшуге түбегейлі қайта қарау қажеттілігін өзектендіреді. Бұл Үкімет пен мемлекет жұмысының идеологиясы мен стратегиялық басымдығына айналуға тиіс.

Қазіргі уақытта ана мен баланы қорғауға бағытталған және сонымен бірге әртүрлі мемлекеттік органдар жүзеге асыратын қолдау шараларының, бағдарламалар мен бастамалардың әртүрлілігі, реактивті және шашыраңқы сипаты олардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік бермейді.

Бұл бағытта «Ана мен баланы дамытуға инвестициялар» ұлттық жобасын қабылдау қисынды болып көрінеді. Барлық балалар мен отбасылар осы жобаның игілігіне айналуға тиіс. Дәл осы тәсіл қазақстандықтардың қажеттіліктеріне жауап береді және «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына тұрақты қол жеткізуге ықпал етеді.

Бұл бағыттағы негізгі фактор Үкіметтің елдің экономикалық өсуі, жаңғыруы және бәсекеге қабілеттілігі мен балалық шақ пен анаға салынатын инвестициялар арасындағы байланысты қайта ойластыру болуға тиіс.

Прагматикалық және ұтымды тәсіл балалар қоғам мен мемлекет үшін үлкен экономикалық құндылыққа ие екенін растайды.

Іс жүзінде бала тууға және балаларды тәрбиелеуге байланысты негізгі инвестициялар мен шығындарды (уақытша, қаржылық) ата-аналар көтереді. Бірақ перспективада әлеуетті пайданың елеулі үлесі мемлекет пен қоғамға тиесілі болады. Ересек жаста азамат еңбек нарығында өз орнын алады, мемлекет пен қоғам үшін экономикалық құндылық жасайды, салық төлейді. Бала кезіндегі адам капиталына инвестициялар жеткіліксіз болған кезде ересек азаматтың бюджет үшін шығындар жасау қаупі (жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, медицина, қамаудағыларды ұстау және т.б.) өзекті болады.

Балалық шақ кезеңі балалар дамудың жақсы жағдайларын күте алмайды. Балалық шақ пен адам капиталына инвестицияларды қарастыру тек аналық инвестициялармен бірге мағыналы, үндес.

Қазақстан Халық партиясы фракциясының депутаттары мыналарды ұсынады:

  1. Ана мен баланы дамыту ұлттық басымдық деп жариялансын. «Ана мен баланы дамытуға инвестициялар» тиісті ұлттық жобасын қабылдау. Ұлттық жоба шеңберінде осы саладағы саясатты әзірлеу, іске асыру және оның орындалуын бақылау, барлық шаралар мен бастамаларды біріктіру қисынды болып табылады.
  2. Ана мен баланы қорғау мен қолдауға және олардың нәтижелілігін бағалауға бағытталған барлық қолдау шараларына ревизия және талдау жүргізу.
  3. Бюджет қаражатын игеруге және басшылар мен орындаушылардың дербес жауапкершілігіне байланыстыра отырып, мемлекеттік органдардың қызметін бағалаудың сапалық индикаторларын әзірлеу. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі үшін олардың қызметінің нәтижелілігін бағалау критерийі балалардың кедейлігін, сырқаттанушылығын, балаларға қатысты зорлық-зомбылықты төмендету және т.б. теңсіздікті төмендету және өмір сүру сапасын жақсарту, функционалдық сауаттылықтың өсуі және т.б. болуы тиіс.
  4. Практикалық шаралардың ішінен елімізде әрбір баланың туғаны үшін Қазақстан азаматтарына 4,2 млн теңге мөлшерінде мемлекеттік төлем түрінде ана капиталын енгізу орынды болып табылады. Бұл қаражатты тұрғын үй сатып алуға және отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға, баланың білім алуына, анасының зейнетақы жинақтарына мақсатты пайдалануға болады.
  5. Баланың өмірлік, физиологиялық, білім беру, әлеуметтік, мәдени және басқа да қажеттіліктеріне нақты жауап беретін балалар тұтыну себетін әзірлеу және енгізу.
  6. Әлеуметтік көмектен бала мен анаға берілетін инвестицияларға берілетін жәрдемақылар мен төлемдердің принципі мен мөлшерін қайта қарау.
  7. Ана мен бала, отбасы, толық емес отбасылар саны және т.б. саласындағы статистикалық деректерді жинау мен жариялауды ретке келтіру және жүйелеу.

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары:

Е. Смайлов     

Ж. Ахметбеков                       

Ф. Қаменов

А. Қоңыров                                                   

Ғ. Құлахметов    

А. Милютин

А. Паяев

С. Решетников  

А. Сқақова                                   

И. Смирнова

03.03.2021 ж. жарияланды

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS