fbpx

Е.Л.Тоғжановқа депутаттық сауал Сәрсенбі, 03 Наурыз 2021 11:20

Қазақстан Республикасы

Премьер-министрінің

орынбасары

Е.Л.Тоғжановқа

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Ералы Лұқпанұлы!

Аналар мен олардың балаларына қамқорлық жасау – еліміздегі мемлекеттік саясатының ажырамас бөлігі.

Жүктілік – әйел өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Бала көтерудің қиындығы бір бөлек те, сонымен бірге жауапты міндет. Әйел жаңа туған нәрестеге қамқорлық жасауы керек. Сондықтан сәбидің туылуына 10 апта қалғанда декретке шығады. Ал босанғаннан кейін 1 жастан 3 жасқа дейін нәрестеге қамқорлық жасайды. Көрсетілген кезең бойы ол жұмыс істей алмайды.

Үш жасқа дейін балалар үнемі бақылауды қажет етеді. Сонымен қатар осы кезеңде ата-аналар ең үлкен қаржылық шығындарға тап болады. Өйткені қазіргі уақытта толыққанды отбасында тек әкесі ғана жұмыс істейді.

Мемлекет бала тууды ынталандырады, сонымен қатар дені сау жас ұрпақты тәрбиелеуге мүдделі. Сондықтан материалдық қолдау көрсетеді.

«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес, жұмыс істемейтін әйелдер үшін бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы мөлшері келесідей белгіленген:

  • • Бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 16 801,92 теңге;
  • • Екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 19 864,77 теңге;
  • • Үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 22 898,45 теңге;
  • • Төртінші және одан кейін балаға – 8,90 АЕК немесе 25 962 теңге.

Ал Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес, бюджеттен бір қамаудағы адамды ұстауға шамамен 86 мың теңге жұмсалады. Қамаудағы адам тегін тамақпен, маусымдық киіммен, төсек-орын жабдықтарымен, жеке гигиена заттарымен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасында бала күтімі жөніндегі әлеуметтік төлем ол бір жасқа толғанға дейін ғана қолданылады, ал жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік төлем табысты жоғалтуға байланысты жұмыс істейтін әйелдерге ғана есептелген.

Бұл ретте жаңа туған нәрестелер үшін арбаларды, кереуеттерді және басқа да қажетті керек-жарақтарды сатып алу бойынша шығыстар бар. Сондай-ақ 4-ші айдан бастап балаға әртүрлі қосымша тағамдарды беру қажет. Азық-түлік ассортименті ай сайын ұлғаяды, ең қарапайым есептеулер бойынша шығыстар кемінде 150 000 теңгеге түседі.

Кейін баланы балабақшаға қабылдау мәселесі туындайды. Мемлекеттік балабақшаларда орын жетіспеушілігі бар екенін білеміз және ол біртіндеп шешілуде. Балаларды қабылдау туралы айтатын болсақ, балаларды 2 жастан бастап қабылдау тәжірибесі бар. Бұл туралы электрондық үкімет кеңістігінде де айтылған «2 жастан 4 жасқа дейінгі кезең баланы балабақшамен таныстырудың оңтайлы кезеңі. Өйткені осы жасқа қарай балалар ұжымда болу және өзіне қамқорлық жасай алу үшін қажетті дағдыларды игереді».

Осы аспектілердің барлығы Қазақстандағы балалардың толыққанды дамуына әсер етеді. Қолда бар деректер адам капиталына инвестицияларды жүзеге асыруға мүдделі үкіметтер үшін бала өмірінің алғашқы мың күніне инвестиция салудан гөрі жақсы мүмкіндік жоқ екенін көрсетеді. Егер мұндай инвестициялар бала өмірінің алғашқы кезеңдерінде жүзеге асырылмаса, нәтижесінде теңсіздіктің өсуінің пайда болу ықтималдығы артады, яғни денсаулық пен білімге кейін салынған мемлекеттік инвестицияларға қарағанда, алғашқы кезде дұрыс бастағандарға пайда әкелуі мүмкін.

Жоғарыда келтірілген фактілерді ескере отырып, мыналарды ұсынамыз:

  1. Ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін бала күтімі бойынша жәрдемақыны ұлғайту;
  2. Ақылы декреттік демалыс кезеңін 1 жастан 2 жасқа дейін арттыру, өйткені бұл баланы мектепке дейінгі мекемеге қабылдаудың оңтайлы жасы;
  3. Баланың толыққанды дамуы үшін барлық аспектілерді, оның ішінде тамақ өнімдерін, гигиена құралдарын және даму орталықтарына кіру мүмкіндігін ескеретін жеке объективті балалар тұтыну себетін әзірлеу.

Құрметпен,

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының мүшелері:

А.  Сқақова                              

Ж. Ахметбеков                       

А. Қоңыров                                                  

А. Милютин

Ф. Қаменов

Ғ.  Құлахметов 

А. Паяев

С. Решетников 

Е. Смайлов

И. Смирнова

03.03.2021 ж. жарияланды

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS