fbpx

А.Ұ. Маминге депутаттық сауал Сәрсенбі, 31 Наурыз 2021 15:12

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

А.Ұ. Маминге

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Қазақстан Халық партиясының бағдарламасы халық экономикасын, шағын және орта бизнесті, халықты жұмыспен қамтуды дамытуға бағытталған бірқатар шараларды көздейді. Олардың басты мақсаты – еліміздің әрбір азаматының лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету.

Бұл шараларды жүзеге асыруда COVID-19 пандемиясы үлкен сынақ болғаны анық. Бірақ ол ерте ме, кеш пе аяқталады. Бұл шараларды ковидтен кейінгі кезеңде жүзеге асыру жайын ойлану керек.

Пандемиядан кейін әлемнің өзгеретіні түсінікті. Сарапшылар атап өткендей, осы факторлардың бірі жедел сұраныс принципінен болашақта шекара арқылы тауарлардың қозғалысын шектеуге төтеп бере алатын тұрақты тізбектер негізінде құрылатын өнімді жеткізу тұрғысынан экономикалық қатынастардың өзгеруі болмақ. Бұл бүгінгі таңда бизнес субъектілерінің өзекті бір міндетіне айналуда.

Ұжымдық иммунитетке ықпал ететін ерікті вакцинацияның арқасында пандемияны жою жөніндегі барлық шараларды алдын ала іске асыратын елде бизнес субъектілері өздерінің толыққанды қызметіне ертерек кірісе алатыны айқын. Ал бұл бизнестің де, жалпы ел экономикасының да одан әрі өркендеуінің түйінді факторы болып табылады. Жоғалған өнім нарықтарын қайтару өте қиынға түспек.

Әлемнің 50-ге жуық елі өз халқының 10%-дан астамын, ал Израиль тіпті өзінің ересек тұрғындарының барлығын дерлік вакцинациялады. Қазақстандағы халық санның 1%-ы да екпе алған жоқ.

Пандемияның үшінші толқыны келе жатыр, COVID-19 індетінің таралуы жалғасуда. Ел халқын вакцинациялау жоспарланған мерзімде орындалмады. Оның себептерінің бірі – сынақтан өтпеген қазақстандық вакцинаның уақытылы дайын болмауы, сондай-ақ «Спутник V» өндірушісімен келіссөздер әлі аяқталған жоқ. Үкіметтің биыл 6 млн азаматты вакцинациялауды орындау туралы уәдесі үлкен күмән тудырады. Сонымен қатар алдын-ала жасалған барлық кестелер де бұзылған.

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, осы айтылғандарға байланысты 2021 жылдың соңын күтпей-ақ, халықты ерікті түрде вакцинациялау қарқынын арттыру бойынша батыл шаралар қабылдау керек. Қабылданған шешімдер туралы заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша хабарлауды сұраймыз.

Құрметпен,

«Қазақстан Халық партиясы»

фракциясының депутаттары:

А.А. Милютин

А.О. Қоңыров

Ж.А. Ахметбеков

Ф.К. Қаменов

Ғ.З. Құлахметов

А.М. Паяев

С.Н. Решетников 

Е.В. Смайлов

А.А. Сқақова

И.В. Смирнова

31.03.2021 ж. жарияланды

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS