ҚХП парламенттік сайлауда жақсы нәтиже көрсетті Дүйсенбі, 11 Қаңтар 2021 16:08

2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлауда Қазақстан Халық партиясы сайлаушылардың 9,1 пайыз дауысына ие болды. Бұл Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысының нәтижесі. Осылайша, ҚХП жеті пайыздық межені бағындырып, республика Парламентінен кезекті рет орын алды.

Дүйсенбі күні Орталық сайлау комиссиясы ҚР Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттар сайлауының алдын ала қорытындыларын жариялады. Қазақстан Халық партиясы сайлаушылардың сеніміне ие болып, үздік үштікке енді.

– Партиялық тізімдер бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлаудың нақты қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының барлық түпнұсқаларын алғаннан кейінгі отырыста жариялайды, – деп хабарлады ҚР ОСК.

Сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарда, жексенбі күні өтті. ОСК мәліметі бойынша, сайлаушылардың қатысуының алдын ала қорытындылары 63,3 пайызды құрады.

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS