Парламенттегі ҚХП депутаттарының саны артты Сейсенбі, 12 Қаңтар 2021 12:10

Қазақстан Халық партиясы ҚР Парламенті Мәжілісіне өтті. Сейсенбі күні Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттар сайлауының нақты қорытындысын шығарды. ҚХП сайлаушылардың 9,10 пайыз дауысын жинап, 10 депутаттық мандатқа ие болды.

– Үш саяси партия жеті пайыздық межені еңсерді: Қазақстан Халық партиясы, «Nur Otan» ХДП және «Ақ жол» ХДПК. Аталған партиялар мандаттарды өзара бөліседі, – делінді ҚР ОСК отырысында.

Бұл жерде депутаттық мандаттарды бөлу ҚР «Сайлау туралы» конституциялық заңының баптарына сәйкес жүзеге асырылатыны атап өтілді.

– Депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін партиялық тізімге енгізілген кандидаттар арасынан саяси партияның басшылық органы сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап 10 күннен кешіктірмей бөлуі керек, – деп нақтылады ОСК-да.

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS