fbpx

Қазақстан Халық партиясының фракциясы Мәжіліс Төрағасы лауазымына Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулиннің кандидатурасын қолдады Жұма, 15 Қаңтар 2021 13:14

Ол бұған дейінгі барлық лауазымында өзін процестерді дұрыс құра алатын, алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізе алатын, елдің жоғары басшылығы қойған міндеттерді шеше алатын тиімді басқарушы ретінде көрсетті.

ҚХП фракциясы Парламент Мәжілісінің 5 және 6 шақырылымында Нұрлан Зайроллаұлының басшылығымен жұмыс істеді.

Осы жылдар ішінде ол жаңа қырынан танылды. Нұрлан Зайроллаұлы нағыз халық қалаулысы болды. Ол біздің парламентаризмді кәсібилік, ашықтық тұрғысынан дамыту үшін барлық күш-жігерін жұмсады және жоғары заң шығарушы органда тиімділігі жоғары басқарушы мәртебесін тағы бір мәрте растады.

2012 жылы біздің партия Мәжіліске алғаш енген кезде Нұрлан Зайроллаұлы фракциялар арасындағы әділ диалогқа қол жеткізіп, түрлі мәселелерді шешу үшін барлық жағдайды жасады.

Депутаттық корпустың Үкіметпен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, Мәжіліс аппаратымен, жергілікті атқарушы билік органдарымен өзара іс-қимылы жоғары деңгейде қалыптасты. Басқа елдердің парламентарийлерімен ресми ғана емес, терең достық қарым-қатынастар да жолға қойылды.

Мәжіліс депутаттарының сарапшылар қауымдастығымен, Парламентке кірмеген саяси партиялардың өкілдерімен, азаматтық сектормен және әлеуметтік желімен жұмыс істеу мүмкіндіктері кеңейтілді.

Мәжілістің жалпы отырыстарының, «үкімет сағаттарының», заң жобалары тұсаукесерлерінің, комитеттер мен жұмыс топтары отырыстарының тікелей трансляциясын іске қосылғанын бөле-жара атап өту қажет. Мәжіліс депутаттары әлеуметтік желілерде белсенді блог жүргізе бастады. Палата қоғам үшін бұрынғыдан да ашық бола түсті.

Нұрлан Зайроллаұлының басшылығымен Парламент Мәжілісінің 6 шақырылымында депутаттардың өздері заң жобаларына бастамашылық етуде серпіліс жасады.

Мәселен, депутаттар тарапынан 60 заң жобасы әзірленіп, Парламентте жұмыс істеу үшін қабылданды. Бұл бұрынғы шақырылымдарға қарағанда әлдеқайда көп.

Бұл дегеніміз – мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ана мен баланы қорғау, салық салу, аудиторлық қызмет, қылмыстық заңнаманы жетілдіру, ауылдық елді мекендерде интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету, білім, ғылым, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.

Қазақстан Халық партиясының фракциясы Парламент Мәжілісінің қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінеді. Біз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық міндеттерінің, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамалары мен тапсырмаларының орындалуын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуге тиіспіз. Олардың барлығы бірінші кезекте қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған.

Осы мақсаттар мен міндеттерді тиімді шешу үшін Палатаға Нұрлан Зайроллаұлы сияқты тиімді басшы қажет.

Біз оны әрқашан мемлекеттік мүддені, қоғамның мүддесін бірінші орынға қоятын кәсібилігі жоғары, тәжірибелі басшы ретінде білеміз.

Нұрлан Зайроллаұлы Мәжілістегі партия фракциялары арасындағы мүдделердің дұрыс теңгерімін құра алатын, Үкімет қызметін қалыптастыру мен бақылау құқығын іске асыра алатын, биліктің барлық тармағының өзара іс-қимылын тиісті деңгейде қолдай алатын және белсенді заң шығармашылық қызметін жалғастыра алатын қатаң әрі әділ басшы.

Қазақстан Халық партиясының фракциясы Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Төрағасы лауазымына Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулиннің кандидатурасын қолдайды.

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS