fbpx

Бағдарлама көп, нәтиже жоқ Дүйсенбі, 07 Маусым 2021 09:39

Бейсенбі күні Мәжілістің экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің кеңейтілген отырысында отандық мұнай-газ химиясы саласын дамыту мәселесі талқыланды. Қатысушылар бұған қатысты бағдарлама көп, нәтиже жоқ екенін айтты.

ҚХП атынан сайланған депутат, жиынның модераторы Александр Милютин елімізде жыл сайын осы саланы дамытуға қатысты құжат қабылданатынын мәлімдеді.

– Қазақстанның мұнай-газ химиясы өніміне қатысты ішкі қажеттілік көбінесе

импорт есебінен өтеледі. Бізде күні бүгінге дейін көмірсутекті кешенді өңдеу бойынша қуат жоқ және біз өз-өзімізді мұнай-химия өнімімен толық қамтамасыз ете алмай отырмыз, – деді депутат.

Жиынға қатысушылар саланың жүйелі жұмысына қатысты мәселеге назар аударды. Олар қандай жобалар іске қосылды, қандай жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр, инвестор тарту және тартымды инвестициялық ахуал құру жұмысы қалай ұйымдастырылып жатыр деген сұрақтарға жауап іздеді. Сонымен қатар экология мәселесіне назар аударды.

– Қуат өндірісінің қарқынды өсуі мен шығарындыларды біртіндеп азайту және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу қажеттілігі арасындағы қайшылық қалай шешіледі? – деп сұрады ҚХП депутаты Айжан Сқақова.

Энергетика министрлігі халық қалаулысын қоршаған ортаға түсіп жатқан  жүктеме кезең-кезеңімен төмендейтініне сендіруге тырысты. Минисрлік өкілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен баламалы энергетика туралы заң жобасы әзірленіп, қабылданатынны, мәселені осы заң заң шешетінін айтты.

Отырысты қорытындылаған А.Милютин Қазақстанның әлемдік мұнай-газ химиясы нарығындағы әлеуеті зор екенін, тек мүкіндікті мүл жіберіп алмау қажет екенін айтты.

– Көрсеткіштер мен индикаторларға толы бағдарлама жазу жеткіліксіз. Онсыз да олардың саны өте көп. Біз оларды әзірлеп, қабылдағанша, әлемдік нарықтағы бәсекелестер алға озып кетеді. Салдарынан біздің өнімдер ешкімге қажетсіз болып қала береді, – деді мәжілісмен.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS