fbpx

ҚХП мен кәсіподақ зейнетақы реформасын қолдайды Сәрсенбі, 30 Маусым 2021 16:53

Қазақстан Халық партиясы мен «Қазақ көмір өндірушілер кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

ҚХП кәсіподақ өкілдері сияқты қазақстандық зейнетақы жүйесін реформалауды, зиянды және қауіпті өндірістегі жұмысшылардың зейнетке шығу жасын қысқартуды қолдайды.

300621 News 1

Партия кәсіподақпен жұмыс кеңесін өткізіп, іс-қимыл стратегиясын әзірледі.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің Ұлттық статистика бюросының дерегінше, зиянды және қауіпті жағдайда еңбек ететін қызметкерлердің саны 1 645 247 адамды құрайды. Оның 987 645-і – ер,  657 602-і – әйел адам. Олардың барлығы жалпыға ортақ талап бойынша зейнетке 63 жаста шығады.

Теориялық тұрғыда аннуитетті пайдаланып, зейнетке ертерек шығуға болады. Бұл үшін кеншілер мен шахтерлердің зейнетақы шотында миллиондаған ақша жинақталуы тиіс. Олардың қазіргі жалақысы мұндайға мүмкіндік бермейді. Яғни кеншілер мен шахтерлар іс жүзінде зейнетке мерзімінен бұрын шыға алмайды.

– Біз аннуитетке қарсымыз! Біз азаматтардың 50 жаста зейнетке шыққанын қолдаймыз. Алайда заң бойынша мұндай мүмкіндік берілмеген, – деді «Қазақ көмір өндірушілер кәсіподағының» төрағасы Марат Мирғаязов.

ҚХП төрағасы Айқын Қоңыров біздің елде орташа өмір сүру ұзақтығы ерлерде – 67, әйелдерде – 75,5 жас екенін атап көрсетіп, зейнетке шыққаннан кейін қазақстандықтар күн санап өмір сүретінін мәлімдеді.

Сонымен қатар ол созылмалы аурулар, мүгедектік зейнеткерлердің өмірін айтарлықтай қысқартатынын айтты.

300621 News 2

– Біздің партия барлық азаматтардың, оның ішінде осы санаттағы жұмыскерлердің зейнет  жасын қысқартуды бұған дейін ұсынған алдағы  уақытта да ұсына береді», – деді партия төрағасы. –Кеншілер, металлургтер, мұнайшылар өмірі мен күшін өндіріске жұмсайды. Олардың өнімі

экспортқа шығарылады. Іс жүзінде бұл адамдар еңбекпен ел бюджетін толықтырады.

Партия төрағасының пікірінше, ірі кәсіподақтың парламенттік партиямен ынтымақтастық орнатып, бірлесіп әрекет етуге талпынуы көңілге медет ұялатады.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS