fbpx

«Мектепке жол» мейірімділіктен басталады Сәрсенбі, 18 Тамыз 2021 11:27

Елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын және Қазақстан Халық партиясы қолдайтын «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды.

Іс-шараның мақсаты жаңа оқу жылының алдында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету.

Акция аясында ҚХП Атырау, Ақтөбе, Қызылорда және Ақмола облыстық филиалдары әлеуметтік осал отбасылардан шыққан оқушыларға сөмке, спорттық киім мен мектеп формасын табыс етті.

180821 DorogaVschool 2

180821 DorogaVschool 3
Акция еліміздің барлық өңірлерінде тамыз айының соңына дейін жалғасады  және мұқтаж отбасылардан шыққан балаларды қамтиды. Іс-шараға оқушыларға қолдау көрсеткісі келетін әр азамат, ұйым, кәсіпорын үлес қоса алады.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS