fbpx

ҚХП Тараздағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетеді Жұма, 27 Тамыз 2021 18:53

Қазақстан Халық партиясы Жамбыл облысындағы төтенше жағдайдан зардап шеккендерге материалдық көмек жинады.

Халық партиясының бастамасымен ҚХП атынан Мәжіліске сайланған депутаттар мен қатардағы партия мүшелері бір күндік жалақыларын Тараз маңындағы әскери бөлімнің қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен азаматтарға жұмсайтын болды.

Партия өкілдері апатты жою кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтады.

Бұдан бұрын белгілі болғандай, 2021 жылғы 28 тамызда Жамбыл облысында орналасқан әскери бөлімде төтенше жағдай орын алды.

Оқ-дәрі қоймаларының бірінде тұтанған өрт бірнеше жарылысқа себеп болды. Жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары шұғыл эвакуацияланды. Дабыл бойынша әскери бөлімнің өрт сөндіру тобы көтерілді. Көмекке Жамбыл облысы бойынша ТЖД өрт сөндірушілері келді. Қазіргі уақытта 9 адамның қаза тапқаны, екі адамның хабар- ошарсыз кеткені және ондаған адамның зардап шеккені белгілі болып отыр. Олардың арасында әскери қызметкерлер мен ТЖ қызметінің өкілдері бар.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS