fbpx

Қазақстандықтардың өмірі «Кальмар ойыны» секілді Сейсенбі, 05 Қазан 2021 17:30

Қазақстан Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров қазақстандықтардың өмірін танымал корей сериалындағы кейіпкерлердің өмірімен салыстырды.

Айта кетейік, сериалдың кейіпкерлері қарыздан құтылу үшін өмірге бәс тігетін «Кальмар ойынын» ойнауға мәжбүр болады.

– Бұл ойынды қазақстандықтар көптен бері ойнап келеді, – деді халық қалаулысы. – Азаматтарды қаржы институттары тығырыққа тіреп отыр. Адамдардың құқығы барынша шектелген, сондықтан олар қылмысқа баруға дайын. Біздің қазіргі қаржы жүйеміз әлеуметтік шиеленіс туғызады.

ҚХП мен «Қазақстан Еңбек конфедерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінің өкілдері халық несиемен күн көруге тиіс емес, жұмыс берушілер азаматтарға лайықты жалақы төлеуге тиіс және қоғамда «Жұмыс істейтін кедейлік» деген ұғым болмауы керек деп санайды. Өкінішке қарай, Үкімет мәселені шеше алмай отыр.

ҚХП мен «Қазақстан Еңбек конфедерациясы» бірлескен баспасөз мәслихатын өткізіп, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жиын барысында «Лайықты жалақы үшін!» петициясына жалпыұлттық қол жинау шарасы жариялады.

051021 news 2Ең төменгі жалақы мөлшерін Еңбек конфедерациясының басшысы Мұрат Машкенов белгіледі. Оның есебінше, ең төменгі жалақы 90 мың теңгеден кем болмауға тиіс.

«Еңбек адамы қазіргі жалақымен отбасын асырай алмайды», – деді М. Машкенов. – Биыл 40 наразылық акциясы өтті, оларға қатысушылар жалақыны көтеруді талап етті. Наразылық акциясына краншылар және басқа салалардың өкілдері шықты.

051021 news 1Қазақстан халықаралық еңбек ұйымының №131 конвенциясын ратификациялау арқылы республикадағы жалақыға қатысты ахуалды тұрақтандыруы мүмкін еді. Бұл туралы Қазақстан Халық партиясы билікке депутаттық сауал жолдады.

– Ең төменгі жалақыны тұрақты әрі жүйелі түрде көбейту керек. Көріп отырғанымыздай, бұған дейін мұндай жұмыс жүргізілген жоқ. Себебі бізде ең төменгі жалақыны ұлғайтудың әдіснамалық негіздемесі болған емес.

Ең төменгі жалақы 3 жылда бір рет көтеріледі, ал азық-түлік пен қызмет көрсету бағасы, коммуналдық тариф жыл сайын өседі. Ал өмір сүру күн сайын қымбаттайды, – деді М. Машкенов.

ҚХП  баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS