fbpx

Құрметті қазақстандықтар!⠀ Жексенбі, 09 Қаңтар 2022 10:50

Болып өткен наразылықтар  Қазақстан халық партиясынан парламент ғимаратында халық қалаулыларының көтерген көкейкесті мәселелеріне қоса, еліміздегі қарапайым халықтан келген өтініштер мен жалпы халықтың талабына деген шенеуніктердің немқұрайлы соқырлығы.⠀⠀

Біз заң талабына сай өзінің пікірі мен халықтың наразылығын билікке жеткізген барлық азаматтарға рахмет айтамыз!⠀⠀

Билік естіді! Қазіргі уақытта әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл - біз көптен аңсаған демократия. ⠀

Алайда, демократиялық мемлекеттің белгісі- бейбіт шерулердің артында шетелдік лаңкестер мен қарақшылар біздің тәртіп сақтау органдарының белсенділерге деген жұмсақтығын пайдаланып, жаппай тәртіпсіздік пен хаос орнатты. ⠀⠀

Халықаралық сарапшылар қауымдастығының болжамы бойынша, Ауғанстан мен Сирияның халықаралық лаңкестер мен жалдамалылар орталықтары мәртебесін жоғалтқаннан кейін, көрсетілген контингент  шабуылдар үшін жаңа нысандарды іздеуі мүмкін, сол әрекетімен Орталық Азия мен Еуропа елдеріне қауіп төндіреді. ⠀

Сондықтан жақсы дайындалған, қауіпті лаңкестер мен бандиттік құрылымдардың әрекеттері жергілікті ғана емес,  аймақтық қауіп төндіріп тұр. Жалғыздың шаңы шықпас дегендей, бұл ретте ҰҚШҰ ⠀

күштерінің қолдауын сұрау - орынды. ⠀⠀

Шетелде орналасқан террористік бандылардың артында тұрған үшінші күштер білсін! Біз жалғыз емеспіз, ҰҚШҰ жарғысының нормалары жұмыс істейді,  «Жұмыла күтерген жүк жеңіл» немесе "Дос қиындықта қол ұшын созады" деген мақалдар бұл ретте орынды.⠀⠀

ҰҚШҰ күштерінің қатысуы  мемлекеттік және стратегиялық объектілерді қорғап, жалған және арандатушылық ақпараттың таралуына қарамастан ⠀

лаңкестік қауіптердің жолын кесу бойынша тәжірибе жинауды, таза бейбітшілік мақсатты көздейді. ⠀⠀

Бұл жағдай кімге тиімді? Ұйымдастырушылар, яғни үшінші жаққа  халықты қарсы қою үшін тиімді. Жалпы, ҰҚШҰ күштерін енгізудің орындылығы туралы  соғыс қимылдарының ошағынан тыс, қауіпсіз жерде отырып айту оңай. Бірақ, Алматы тұрғындары қазір кез келген көмекке мұқтаж.⠀⠀

Президент дұрыс шешім қабылдады! Біз оны қолдаймыз! Мемлекет басшысының 7-ші қаңтардағы жолдауы, онда айтылған ҰҚШҰ күштерінің елде терроризмге қарсы операция аяқталғанша дейін болатынын нақты хабарлауы халыққа зор сенім білдірді.⠀⠀

Бұл өз кезегінде біздің қауіпсіздік қызметкерлерімізге құбыжықтар мен адам еместерді (оларды басқаша атау мүмкін емес) нысанаға алып, жоюға мүмкіндік береді.⠀

Қазақстандық қоғамның қауіпсіздігі үшін жанқиярлық күресте біздің жігіттер өмірін тәуекелге түйіп, жауынгерлік шығынға ұшырауда!⠀⠀

Жақындарынан айырылған марқұмдардың туыстарына көңіл айтамыз!⠀⠀

Жалпы, бұл біздің қоғамға үлкен сабақ болуы керек! Наразылыққа жеткізбей, қарапайым халықтың мұң-мұқтажын түсіне білген жөн!!!⠀⠀

Мәселелерді дер кезінде шешу керек, әрдайым елдегі жағдайдың мән жайын білген дұрыс.

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS