fbpx

ҚХП премьер-министр лауазымына Президент ұсынған кандидатты қолдады Сейсенбі, 11 Қаңтар 2022 12:36

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Халық партиясы Премьер-министр лауазымына Президент ұсынған кандидатураны қолдады.

«Аса қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз атап өткендей, соңғы қайғылы оқиғалар жүйелі реформаның қажет екенін көрсетті. Сіз саясаттағы, экономикадағы және әлеуметтік саладағы реформалау жоспары туралы мәлімдедіңіз. «Қазақстан Халық партиясы» фракциясы Сізді толығымен қолдайды. Жаңа Үкімет бұл – уақыт талабы!» – деді Мәжіліс депутаты, Қазақстан Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров.

Партия төрағасы Мемлекет басшысы сындарлы сәтте стратегиялық тұрғыда дұрыс шешім қабылдағанын мәлімдеп, қабылданған шешім Үкіметтің жұмысын жандандыруға мүмкіндік беретінін баяндады.

«Біз Қазақстан Министрлер кабинетінің басшысы лауазымында Әлихан Асханұлы ел экономикасын дамытумен әлеуметтік саланы нығайту жөніндегі тапсырмаларды орындау үшін бар күш-жігерін салатынына сенімдіміз. Біз оны тәжірибелі маман, белсенді өмірлік ұстанымы бар азамат ретінде танимыз», – деді ҚХП фракциясының төрағасы.

Айқын Қоңыров «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының мүшелері барлық әріптестерімен бірге заң жобаларын жедел қабылдау үшін жүйелі жұмыс атқарғанын, бұл заңдар мемлекетке стратегиялық жоспарлар мен Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге сәтті асыру үшін қажет екенін атап өтті.

«Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, мақсатқа қол жеткізу үшін біз бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына Сіз ұсынған Әлихан Асханұлының кандидатурасын қолдап дауыс береміз және Үкіметтің жаңа құрамына тәуелсіз, тұрақты Қазақстанды одан әрі дамытуға жәрдемдесуге дайын екенімізді мәлімдейміз», – деді Қазақстан Халық партиясының төрағасы.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS