Парламентшілердің осы жолғы сапары ерекше маңызға ие. Себебі қазір Конституцияға түзету енгізу бойынша 5-маусымға жоспарланған референдум аса өзекті болып тұр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған өзгерістер билік институттарын қалыптастыру мен олардың өзара іс-қимылының сапалы жаңа моделін құруға және халықтың шешім қабылдауға қатысуын кеңейтуге бағытталған. Бұл ретте Қазақстан Халық партиясының депутаттары ел азаматтарымен референдум бойынша тілдесіп, ой бөлісуге ниеттеніп отырғанын атап өтуіміз керек.
– Менің ойымша, референдум өткізу туралы шешім Мемлекет басшысы жариялаған саяси реформалардың кулуарлық немесе конъюнктуралық сипатқа ие емес екенін көрсетеді, – деді ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров. – Саяси реформа нақты нәтиже мен тиімділікке бағытталған.
Оның айтуынша, біздің ел қуатты Парламенті, есеп беретін Үкіметі және пәрменді азаматтық қоғамы бар мемлекет болу керек.
– Қазақстан Халық партиясы бұл үдерісте әлеуметтік әділдіктің өлшемі мен әлеуметтік дамудың жаңа моделіне орын табуға бар күшін салады, – деп мәлімдеді «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаттары.
ҚХП баспасөз қызметі