fbpx

ҚХП мен қоғам белсенділері зейнет жасын төмендетуді қолдайды Бейсенбі, 12 Мамыр 2022 18:26

Қазақстан Халық партиясының мүшелері «Әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету қозғалысының» өкілдерімен кездесті.

Бұған дейін ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев әйелдер үшін зейнет жасын ұлғайтуға қатысты шешім қате болғанын және оны түзету қажеттігін мәлімдеген болатын.

Тараптар өзара ынтымақтастықтың алдағы мүмкіндіктерін талқылады. Қоғам белсендісі Ольга Смирнова әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету туралы петицияға 570 мыңнан астам адам қол қойғанын айтты.

– Біз жұмыста қайтыс болуды емес, зейнетке шығып, өмір сүруді қалаймыз, – деді ол.

Айта кетейік, 2013 жылы барлық мәжілісмендердің арасынан ҚХП  депутаттары ғана «Әйелдердің зейнет жасын ұлғайту туралы» заң жобасына қарсылық танытты. Партия мүшелері бұл – халыққа қарсы құжат деген ұстанымын жариялады.

– Зейнетақы жүйесінің реформасын қадағалап отырмыз. Біз зейнет жасын төмендету үшін бюджеттен қанша қаражат қажет екенін және оны қайдан табуға болатынын назарға аламыз, – деді ҚХП төрағасының орынбасары Олжас Сыздықов.

Бұған дейін Үкімет әйелдердің зейнет жасын төмендету мәселесіне түбегейлі қарсы болды. Жағдай бірте-бірте дұрысталып келе жатқан сыңайлы. Себебі үкімет мүшелері мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары мен қауіпті өндіріс орындары қызметкерлерінің зейнетке шығу жасын төмендету мүмкіндігін теориялық тұрғыдан болса да талқылауға ниет танытып отыр.

– Бұл тақырыпты тек кеншілер ғана көтермейді, – деп мәлімдеді журналистерге вице-премьер Ералы Тоғжанов. – Бұл мәселе мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналар үшін де маңызды. Сондықтан бұл сұрақты талқылаймыз.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS