fbpx

Конституцияға енгізілген түзету ел болашағын өзгертеді Жұма, 13 Мамыр 2022 10:19

Қазақстан Халық партиясының Алматы қалалық филиалында Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов кездесу өткізді.

Ол ел тұрғындары азаматтық жауапкершілігін сезініп, референдумға бір кісідей қатысуға тиіс екенін мәлімдеді.

– Конституцияға өзгеріс енгізуге қатысты референдум – ел болашағын өзгертуде маңызды қадам саналады. Барша қазақстандықтарды 5 - маусымда таңдау жасауға шақырамын, – деді депутат.

Ерлан Смайлов жиынға қатысушылардың еліміздің басты құжатына  енгізілетін түзетулер мен референдум өткізу тәртібіне қатысты сауалдарына да жауап берді.

Мәжілісмен Қазақстан Халық партиясы саяси жүйені демократияландыру бағытын қолдайтындығын атап өтті. Сондай-ақ депутат еңбек ұжымдарына, қоғамдық және азаматтық қозғалыс өкілдеріне түсіндіру жұмысын жалғастыратын жариялады.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS