fbpx

Мемлекеттік мәселелерді халық шешуі керек Жұма, 13 Мамыр 2022 10:48

Қазақстан Халық партиясының депутаты Айжан Сқакова Маңғыстау облысына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Шара шеңберінде депутат Конституцияға енгізілетін түзетулерді түсіндіріп, Президенттің өкілеттігі мен билік тармақтары арасындағы теңгерім туралы сөз қозғады.

А. Сқакова Ақтау қаласындағы №11 мектеп-лицейінің педагогтарымен және облыстық стоматология орталығы мен облыстық жедел жәрдем қызметінің дәрігерлерімен жүздесу барысында қолданыстағы саяси жүйені жаңғырту аясында Ата заңға түзету енгізілетінін мәлімдеді.

130522All

– Конституцияға енгізілетін түзетулерге қатысты 5 - маусымда референдум өтеді. Бұл соңғы 27 жылдағы алғашқы жалпыхалықтық референдум. Халық өз таңдауын жасауы керек. Мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселе назардан тыс қалуға тиіс емес, – деді депутат.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS