fbpx

Жаңа Конституция қандай болады? Жұма, 13 Мамыр 2022 11:12

Мәжіліске Қазақстан Халық партиясының атынан сайланған депутаттар жақтастарымен жүздесіп жатыр.

– Бейресми кездесу халық қалаулылары қызметінің маңызды бөлігі деп есептеймін, – деді ҚХП фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров. – Жұмыс орнында әңгіме мәжіліс залына қарағанда әлдеқайда жеңіл өтеді.

Фракция жетекшісі «АЭТЗ» АҚ, «ЭнергоСтройТехКом» ЖШС, «Оспанова» ЖК сынды еңбек ұжымдарымен кездесті. Іс барысында ҚР Конституциясына енгізілетін түзетулер тілге тиек етілді.

– Адамдар 5 - маусымға жоспарланған референдумнан көп нәрсе күтеді, –  деді А.Қоңыров – Референдум ел өміріне тікелей әсер етеді.

Оның түсіндіруінше, референдум – мемлекеттік жүйеге әсер етудің нақты мүмкіндігі. Бұл қазіргі уақытта және біздің жағдайымызда өте өзекті мәселе. Себебі көптеген азаматтар атқарушы билікке деген сенімін әлдеқашан жоғалтқан. Референдум тұрғындардың сенімін оятып, үмітін жағуды мақсат тұтады.

– Біздің қазіргі міндетіміз – азаматтарға мәселенің маңыздылығын жан-жақты түсіндіру, – деді А.Қоңыров.

Айта кетейік, Конституцияның жаңа жобасына ҚХП ұсынған «Жер, оның қойнауы және байлығы Қазақстан халқына тиесілі» деген аса маңызды түзету енгізілді.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS