fbpx

Шекарадағы артық кедергілерді қалай жоюға болады Жұма, 13 Мамыр 2022 14:27

Қазақстан Халық партиясының депутаты Ирина Смирнова  бір топ мәжілісмен әріптестерімен бірге Қордай кентіндегі Қазақстан мен Қырғызстанның бірлескен көшпелі отырысына қатысты.

Екі ел Парламентінің делегациясы «Ақ жол» (Қордай) және «Қарасу» (Ақтілек) бақылау-өткізу бекеттерінде болып, жергілікті өткізу қызметтерінің жұмысымен танысты.

– Соңғы уақытта  осы салаға  қатысты біраз сұрақтар жинақталды, - деп атап өтті Ирина Смирнова. – Санитарлық талаптар әртүрлі, сондықтан қарама-қайшы шешімдер қабылдауға тура әкеледі.

Кейін мәжілісмендер Жогорку Кенеш депутаттарымен бірге көлік-логистика  мәселелерін шешу әдістерін және екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басқа да баламаларын талқылады. Тараптар ЕАЭО аясындағы импорттың, экспорттың және транзиттің техникалық мәселелері бойынша пікір алмасты.

Соңғы уақытта  Қырғызстаннан келетін жүктерге қатысты Қазақстанның уәкілетті органдарының бақылау-тексеру іс-шараларын жүзеге асыру тәртібі өзекті мәселеге айналып отыр. Консенсустың болмауына және процестің шамадан тыс бюрократизациясына байланысты ауыр жүк көліктері шекарада бірнеше күн бойы тексеруден өтіп жатады. Мұның салдарынан тауар өндірушілер де, тасымалдаушылар да, нәтижесінде қарапайым азаматтар да зардап шегеді.

– ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, сын-қатерлерге жедел жауап қайтару қажет, - деп атап өтті Ирина Смирнова. – Көптеген құрылымдар  ескі тәсілмен асықпай жұмыс істейді.

Мәжілісмен екі республиканың Парламент өкілдері елдер арасындағы әкімшілік кедергілерді жою үшін бәрін жасауы керек деп есептейді.

–  Депутат  –   халық өкілі. Сондықтан да біз қарапайым халықтың мүддесін жан-жақты қорғауымыз керек. Туындаған мәселені, қай жерде болмасын, жедел шешу керек, –  деп атап өтті ҚХП депутаты.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS