Сапар барысында депутат Темір, Байғанин аудандарының сайлаушыларымен кездесті. Мәжілісмен тұрғындарға Конституцияға енгізілетін түзетулердің маңыздылығы мен алдағы референдумға қатысудың қажеттілігін түсіндірді.
– Референдумда қолдау тапқан жағдайда Конституцияға «Жер, оның қойнауы мен байлығы халыққа тиесілі» деген норма енгізіледі. Бұл аса маңызды әрі өзекті мәселе. Жергілікті жерлерде өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, азаматтық қоғамды, яғни еліміздің әр азаматын тағдырлы шешім қабылдауға тарту да маңызды, – деді А.Милютин.
ҚХП баспасөз қызметі