fbpx

Азаматтардың ел басқару ісінде белсенді болу мүмкіндігі артады Бейсенбі, 19 Мамыр 2022 08:53

Қазақстан Халық партиясының Мәжілістегі депутаты Жамбыл Ахметбеков Конституцияға түзету енгізу бойынша ұйымдастырылатын жалпыхалықтық референдумның маңыздылығын түсіндіру үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы AST қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесті.

Ол Конституциялық реформа азаматтардың ел басқару ісінде белсенді болу мүмкіндігін арттыратынын және алдағы уақытта әлеуметтік әділдіктің  орнауына ықпал ететінін айтып, жиналғандарды референдумға қатысуға шақырды.

190522Akhmetbekov

– Ел арасында референдум қызу талқыланып жатыр. Халық бұл бастаманы қолдап отыр. Конституцияны жалпыхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту – халықтың саяси ерік-жігерін көрсетеді. Конституцияға енгізілетін түзетулер 

Парламенттің рөлін күшейіп, мәртебесін арттырады. Қолданысқа аралас сайлау жүйесі енеді. Парламенттің бақылау функциясы кеңейеді. Азаматтардың мүддесін қорғау механизмі күшейеді, – деді депутат.

ҚХП баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS